• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңақорған ауданында “Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым” атты тазалық акциясы өтті

Ауқымды жалпыхалықтық тазалық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысты, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

20.04.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған шара Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев тарапынан берілген нақты тапсырмалар негізінде ұйымдастырылған бұл акция өңірдегі тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Негізгі іс-шара Жаңақорған ауданындағы тарихи әрі киелі орындардың бірі – Хорасан ата кесенесі аумағында өтті. Акцияның басты мақсаты – рухани маңызы зор нысандардың тазалығын сақтау, оларды келешек ұрпаққа таза әрі көрікті күйде жеткізу, сондай-ақ тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру болды.

Шара барысында тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар және халық көп баратын зираттар аумағында кешенді тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аумақтарды қоқыстан тазарту, шөптерді шабу, ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстарын күшейту, қоршауларды жөндеу және ретке келтіру, жолдарды тазалау мен қалпына келтіру секілді жұмыстар кең көлемде атқарылды. Сонымен бірге, еріктілер мен тұрғындар кесене маңындағы инфрақұрылымды жақсартуға да өз үлестерін қосты.

Жалпыхалықтық акцияға 2 мыңнан астам аудан тұрғыны, еріктілер, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері белсене қатысты. Олардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде 10-ға жуық қасиетті орындар мен зираттардың аумағы толық тазартылып, ретке келтірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тек бір реттік тазалық жұмыстары ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама. Себебі тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол адамның ішкі мәдениеті мен рухани деңгейінің айқын көрінісі.

Осылайша, Жаңақорғандағы бұл игі шара тұрғындарды ортақ іске жұмылдырып қана қоймай, “тазалық пен руханият – ажырамас ұғым” екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Алдыңғы мақала

Шиеліде «тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық тазалық акциясы өтті деп

Келесі мақала

Жаңақорғанда эко акция аясында “Хорасан ата” кесенесінің аумағына тазарту жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі