• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 16 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Жалағаш ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды

Аудандық полиция бөлімінің бастамасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында гарнизондық жиын ұйымдастырылды. Аталған жиынға полиция бөлімінің жеке құрамы, салалық қызмет жетекшілері және жауапты мамандар қатысып, өңірдегі құқықтық ахуал жан-жақты қаралды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлады.

22.04.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиын барысында аудан аумағындағы криминогендік жағдайға талдау жасалып, құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды. Әсіресе, ұсақ құқық бұзушылықтардан бастап қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін әрекеттерге дейінгі мәселелерге назар аударылып, олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, түнгі уақыттағы бақылауды күшейту, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері де күн тәртібінен тыс қалмады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша да нақты шаралар белгіленіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыру тапсырылды.

Жиында тұрғындармен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселесіне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, учаскелік полиция инспекторларының халықпен тығыз байланыс орнатуы, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізуі және әрбір тұрғынның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігі баса айтылды. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Полиция қызметкерлеріне қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау міндеті жүктелді. Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытып, заң талаптарын басшылыққа алу, қызмет барысында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету арқылы халықтың сенімін арттыру қажеттігі ескертілді. Сонымен бірге, әр қызметкердің кәсіби деңгейін көтеру және жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.

Жиын қорытындысында алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру тапсырылды. Қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны жеткізілді.

Алдыңғы мақала

Жалағаш ауданында инклюзивті саясат, кәсіпкерлік және макроэкономикалық көрсеткіштер жан-жақты талқыланды

Келесі мақала

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Оқи отырыңыз

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
Спорт

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
Әлеумет және экономика

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

Жергілікті команда жеңіске жетті

Облыс әкімі Қарауылтөбедегі өрт сөндіру бекетінің ашылуына барды

Маңызды жобалар мен құрылыс нысандары бақылауда

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков «Шолпан Ана» егіс алқабындағы жұмыстармен танысты

Өзекті жаңалықтар

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
Саясат

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

0

Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі. Атап айтқанда, «Сыр...

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

«РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды
  • Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды
  • Жаңақорғандықтар Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды қошеметпен қарсы алды
  • Жаңақорған ауданында халық үшін маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр
  • «РЭП – есірткіге қарсы!» атты облыстық рэп орындаушылар байқауының қорытындысы шығарылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі