• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында инклюзивті саясат, кәсіпкерлік және макроэкономикалық көрсеткіштер жан-жақты талқыланды

Бүгін Жалағаш ауданында аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін бірқатар маңызды мәселелер күн тәртібіне шығарылып, олардың орындалу барысы жан-жақты сараланды. Атап айтқанда, инклюзивті саясатты іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту және макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу деңгейі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлады.

22.04.2026
in Әлеумет және экономика, Саясат
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжіліс барысында әр сала бойынша жауапты тұлғалар атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасап, өз бағыттары бойынша негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов өз сөзінде инклюзивті саясатты жүзеге асырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіндік жасау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Осы ретте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселелері басты назарда болуы тиіс екені айтылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де кеңінен қозғалды. Аудан басшысы шағын және орта бизнесті қолдау арқылы экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізуге болатынын атап өтіп, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру және инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл бағытта әрбір ауылдық округ әкімдері нақты нәтижеге жұмыс істеуі қажеттігі ескертілді.

Мәжілісте макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалу барысына да ерекше мән берілді. 2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ауданның негізгі экономикалық көрсеткіштерінде оң өсім қалыптасқаны айтылды. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 24,6 пайызға артып, жалпы 8 355,0 млн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткіш аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын айғақтайды.

Жиын соңында аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Әр тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп, бақылауға алынатыны ескертілді. Сондай-ақ, алдағы уақытта да көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермей, барлық бағытта жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Мәжіліс қорытындысымен қаралған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар беріліп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатыны жеткізілді.

Алдыңғы мақала

Қазалылықтар “Болмаған балалық шақ” атты спектакльді тамашалады

Келесі мақала

Жалағаш ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі