• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалылықтар “Болмаған балалық шақ” атты спектакльді тамашалады

Бүгін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Нартай Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының «Болмаған балалық шақ» атты тағылымы мол қойылымы сахналанды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

21.04.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жазушы Ақберген Елгезектің тағылымды туындысын қазалылық көрермен жылы қабылдап, өнер ұжымының шеберлігіне зор ризашылығын білдірді.

Қойылым кешінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, театр ұжымына аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың ыстық ықыласы мен алғысын жеткізді.

— Ежелден өнер қонған, ән мен жырмен тербелген, тарихы тағылымға толы Қазыналы Қазалы жеріне қош келдіңіздер!
Бүгін сіздердің ауданымызға арнайы гастрольдік сапармен келіп, көрермен назарына «Болмаған балалық шақ» атты тағылымы терең қойылымды ұсынуларыңыз – біздің өңіріміз үшін үлкен рухани олжа, мәдени өміріміздегі айтулы оқиға. Сахна төрінде адам жанының нәзік иірімдерін бейнелейтін, жүрекке жол табатын осындай туындылар көрерменді ойландырып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға үндейтіні анық.
Бүгін ұсынылып отырған «Болмаған балалық шақ» атты қойылым – тағдыр мен тағылым, өмір мен үміт жайлы терең ой қозғайтын туынды. Мұндай шығармалар жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал етіп, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда ерекше маңызға ие. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз – ел руханиятына қосылған зор үлес деп білеміз. Нартай Бекежанов атындағы театр – Сыр өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ өнерінің мақтанышы. Осы киелі сахнаның абыройын асқақтатып жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да ұлттық өнерімізді ұлықтап, көрермендеріңізді мазмұнды, тағылымды қойылымдармен қуанта бересіздер деп сенеміз. Қазалы жұртшылығының ықыласы әрдайым сіздермен бірге — деді, Дәурен Оңғарбайұлы.

Қойылымда тағдыр тауқыметін ерте тартқан баланың мұңы мен жан жарасы, балалық шақтың ауыр көріністері шынайы бейнеленді. Шығарма арқылы жиылған көрермен өмірдің қиындығына мойымай, үміт пен сенімнің құндылығын ұғынды. Терең психологиялық иірімдерге құрылған қойылым адам жанының нәзік болмысын әсерлі жеткізіп, көпшілікті тебірентті.

Қойылым соңында Нартай Бекежанов атындағы облыстық академиялық музыкалық драма театрының өнерпаздары қазалылық көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданында инклюзивті саясатты іске асыру мәселесі қаралды

Келесі мақала

Жалағаш ауданында инклюзивті саясат, кәсіпкерлік және макроэкономикалық көрсеткіштер жан-жақты талқыланды

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі