• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 4 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мерейлі жастағы ардақты азаматтарға құрмет көрсетілді

Бүгін Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудан әкімдігінің мәжіліс залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мерейлі жасқа толған ел ағалары мен ардақты аналарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.04.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар азаматтарға ауданның ең жоғары марапаты – Шиелі ауданының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласының ардагері, 85 жасқа толған Кентай Мадиевке, білім саласының ардагерлері – 85 жастағы Күлпаш Нұрмағамбетова мен 80 жасқа толған Ералы Ағыбайұлына, сондай-ақ 75 жастағы Ұлтай Әуелбекқызы мен мәдениет саласының ардагері, 70 жасқа толған Қанатова Бағлан Ұзаққызына ауданның жоғары марапаты табысталып, құрмет көрсетілді.

Кентай Мадиев – саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған білікті маман. Ол ұзақ жылдар бойы халық денсаулығын сақтауға үлес қосып, өз ісіне адалдығы мен кәсібилігінің арқасында ел құрметіне бөленген ардагер.

Күлпаш Нұрмағамбетова – білім беру саласында еселі еңбек еткен ұстаз. Ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, олардың білімді де білікті азамат болып қалыптасуына сүбелі үлес қосқан ұлағатты жан.

Ералы Ағыбайұлы – өмірін білім саласына арнаған тәжірибелі педагог. Ұрпақ тәрбиесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып, шәкірттерінің жүрегінен орын алған қадірлі ұстаздардың бірі.

Ұлтай Әуелбекқызы – білім саласының ардагері, талай жылдар бойы жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыруға зор үлес қосқан ұстаз.

Бағлан Ұзаққызы – мәдениет саласының ардагері. Ол ауданның рухани өмірінің дамуына белсене араласып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, мәдениет пен өнердің өркендеуіне елеулі еңбек сіңірген жан.

Алқалы жиын барысында аудан әкімі мерейтой иелерін шын жүректен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан елеулі еңбектері мен өнегелі өмір жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мерейтой иелеріне қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Қызылордада жазасын өтеуші азаматтардың қолынан шыққан өнімдер жәрмеңкеге қойылды

Келесі мақала

Шиелі ауданында Еуропалық иммундау апталығы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
Қоғам

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті
Мәдениет

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы
Құқық

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу
Құқық

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Сырдарияда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары өтті

Тасбөгет кентінде жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сырдария: «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
Қоғам

Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

0

Іс шара барысында аудан басшысы ел ағаларымен бірге түрлі этнос өкілдері дайындаған тақырыптық көрмені аралап, әр ұлттың...

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу

Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғандықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
  • Жалағаш ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті
  • Достық үйінде дәріптелген бірлік идеясы
  • Сананы сауықтыруға бағытталған кездесу
  • Аймақ басшысы «Kyzylorda Refinery» мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі