Аталған іс-шараның басты мақсаты – жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, вакцинацияның маңыздылығын түсіндіру және медициналық мамандардың кәсіби білімін жетілдіру.
Семинар барысында вирусты гепатит В (ВГВ) ауруы кеңінен талқыланды. Мамандар бұл дерттің таралу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ вакцинацияның тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, аурудың эпидемиологиялық ерекшеліктері мен клиникалық ағымы сараланып, қазіргі таңда қолданылып отырған диагностикалау және емдеу тәсілдері туралы да айтылды.
Іс-шарада медицина қызметкерлеріне әдістемелік ұсынымдар таратылып, күнделікті тәжірибеде қолдануға қажетті нақты кеңестер берілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұндай семинарлар медицина саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттырумен қатар, тұрғындар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.









