• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» тақырыбында Орталық алаңда мерекелік іс-шара өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

01.05.2026
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік іс-шара барысында этно-мәдени орталықтар ұлттардың салт-дәстүрлері мен ұлттық тамақтарын назарға ұсынды және жас суретшілер көрмесі мен мәдени-спорттық көрмелер ұйымдастырылды. Аудан басшысы зиялы қауым өкілдерімен бірге этно-мәдени бірлестіктер көрмесін тамашалап, көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің маңызын ерекше атап өтті.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Біз өз жерінде тыныштық пен келісімде өмір сүруге болатынын дәлелдеген, өз тағдырын өзі шеше алатынына көптің көзін жеткізген, болашаққа нық қадам басқан біртұтас ұлтпыз. Осынау жолда еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін нығайтып, барлық қиындықты еңсеріп, мақсатымыздан айнымаймыз» деген болатын. Бір мүдде, бір мақсат жолында ынтымағы жарасқан еліміздің бірлігін сақтау – баршамыздың азаматтық парызымыз. Мемлекет басшысының бастамасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен облыс орталығында этносаралық достық пен бірлікті дәріптеу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының демеушілігімен 3 млрд. 800 млн. теңгеге заманауи, сәулетті жаңа «Достық үйінің» ғимараты ел игілігіне табысталды. Барлық 7 ауданда 11 млрд. 500 млн. теңгеге «Руханият» орталықтары салынды. Орталықтардағы «Қоғамдық келісім» кабинеттері түрлі этнос өкілдерінің мәдени-рухани сабақтастығын сақтауға мүмкіндік беруде. Өңіріміздегі 30-дан астам түрлі этнос өкілдері аймағымыздың экономика, мәдениет, спорт, білім, ғылым салаларының дамуына атсалысып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда. Бүгінде облыста 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс жүргізіп келеді. Ауданымызда 450-ден аса өзге ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Бірлік пен өзара құрметті нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс әкімінің және аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, халықтардың ұлттық билерін орындады. Сондай-ақ, түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың бірлігін, достығын және мәдени ынтымақтастығын паш етті.

Алдыңғы мақала

Ардагерлер арасында үстел теннисі мен футболдан жарыс өтті

Келесі мақала

Аралда бірлік мерекесі аталып өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі