• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Ардагерлер арасында үстел теннисі мен футболдан жарыс өтті

Бүгін Қазалы ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлер арасындағы шағын футбол мен үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа Байқоңыр қаласы, Арал, Қазалы аудандарынан және Алматы мен Астана қалаларынан арнайы келген жерлес азаматтарымыздан құралған командалардан барлығы 70-ке жуық ардагер спортшылар қатысты,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

03.05.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан орталығындағы «Әмір арена» спорт кешенінде өткен жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, бірлік мерекесі қарсаңында әр түкпірден түлеп ұшқан азаматтардың ынтымақ пен бірлікті ту етіп, ұйымдастырып жатқан игі шараларына сәттілік тіледі.

— Бүгінгі жарыс — жай ғана спорттық дода емес. Бұл — ел бірлігін, достық пен бауырмалдықты, туған жерге деген перзенттік құрметті айшықтайтын тағылымды шара. Осындай игі бастаманың Қазалы топырағында қайта жаңғырып, жоғары деңгейде ұйымдастырылуы баршамыз үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі турнирге Байқоңыр қаласының ардагерлері, Арал ауданының ардагер спортшылары, Қазалы ауданының ардагерлері, Алматы мен Астана қалаларынан арнайы келген жерлес азаматтарымыздан құралған «Замандастар» командасының мүшелері қатысуда. Бұл — туған жерден жырақта жүрсе де, жүрегі Қазалым деп соғатын азаматтардың елге деген ықыласы мен жанашырлығының айқын көрінісі. Бүгінгі жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер сыйласын!

Барша командаларға сәттілік тілеймін! Туған жердің мерейі әрқашан үстем болсын, -деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Аудан басшысынан кейін ҰҚК-нің зейнеткер полковнигі, ардагер спортшы Ислам Бекішов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушылар ардагер спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, спорттың футбол, үстел теннисі, волейбол, бильярд секілді түрлерінен ардагерлер арасындағы мұндай жарыстар еліміздің Астана, Алматы, Тараз, Қапшағай, Байқоңыр, Қостанай қалаларында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ал, Қазалы ауданында ардагерлер арасындағы жарыс бұған дейін 2015-2018 жылдары өткізілген. Бүгінде ауданымызда ардагерлер арасындағы спорттық жарыстар қайта жанданып отыр.

Алдыңғы мақала

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Келесі мақала

Сырдария: «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс – шара өтті

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі