• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы міндеттер талқыланды

Жалағаш ауданының әкімі әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде өткен жылыту кезеңінің қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

06.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Аудан бойынша өткен жылу беру маусымы тұрақты жағдайда өтті. “Қыстың қамын жаз ойла” демекші, аудандағы барлық әлеуметтік және бюджеттік мекемелер бу қазандықтарының жай-күйіне жан-жақты зерделеу жүргізіп, анықталған кемшіліктерді дер кезінде қалпына келтіруі қажет. Тұрғындарға жеткізілетін қатты отын қорына қатысты кәсіпкерлермен осы бастан меморандум жасаңыздар. Алдағы жылыту маусымында халықты отынмен қамтуда және әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарына байланысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді АРДАҚ ИБРАИМОВ, ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ.

2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына аудан бойынша қатты отынға қажеттілік 9300 тоннаны, сұйық отынға қажеттілік 1708 тоннаны құрады. Нәтижесінде 11 400 тонна қатты отын жеткізіліп, жоспар 116,3 пайызға орындалды.

Елді мекендерді табиғи газ желісіне қосу мақсатында Бұқарбай батыр, Қаракеткен және Далдабай ауылдарын газдандыру бойынша демеушілер есебінен жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Аудан әкімі аталған елді мекендерді газдандыру жұмыстарын жеделдетіп, газ желілерін тарту бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

Алдыңғы мақала

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа лауазымға тағайындалды

Келесі мақала

Мақпалкөл ауылдық округының әкімі сайланды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі