• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ басшысы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарға барды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарға барды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

23.08.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалында болды. Бүгінде әуежайдың өткізу қабілеті 7 есе ұлғайып, мұнда жылына 2 млн жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Жаңа терминал IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сай келеді.

Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария ауданының «Бесарық» ауылына барып,ең алдымен мектеп, дәрігерлік амбулатория және спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Мұнан бөлек,«Ауыл аманаты»бағдарламасының орындалу барысын көрді. «Абай Дәулет» ЖШС ұйымдастырған алаңда ауыл тұрғындарының 13 бизнес-жобасы жүзеге асуда. Мұнда жартылай фабрикаттар, пластикалық ыдыстар, ағаш бұйымдары, тоқыма, кондитерлік өнімдер, сабын және басқа да тауарлар шығаратын цехтар жұмыс істейді.

«Бесарықта» жастарды отансүйгіштік пен ізгілікке тәрбиелеуге арналған «Адал адам» тұжырымдамасы енгізілген. Балаларға түрлі үйірмелер ұсынылып, шығармашылық ұжым құрылды.

Келесі бағыт – жаңа жылу-электр орталығының құрылыс алаңы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған нысанға түркиялық «Акса энерджи» компаниясы 137 млрд теңгеден астам инвестиция құйды. Жоба бойынша екі газтурбиналық қондырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, екі бу және төрт жылу қазандығы орнатылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталған. Сонымен қатар бюджет есебінен 15 млрд теңгеге 45 шақырым газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Құрылыс алаңында 1200-ден астам жұмысшы еңбек етуде, олардың көпшілігі жергілікті тұрғындар.
Жылу-электр орталығын осы жылдың IV тоқсанында іске қосу жоспарланған. Алдымен 1 газ турбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы пайдалануға берілсе, қалғаны 2026 жылы қосылады. Жоба іске асқанда өңірдің энергетикалық әлеуеті артады.

Аралау кезінде Желтоқсан көшесі бойындағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да тексерілді. Мұнда «Қызылорда қаласында ТК-28-ден ТК-38-ге дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аяқталған соң 15 мың абонент, 49 көпқабатты тұрғын үй және 22 әлеуметтік нысан тұрақты жылумен қамтылады. Құрылыс жұмыстары тамыз-қазан айлары аралығында жүргізіледі.

Сонымен қатар аймақ басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының, физика-математика мектеп-интернатының жұмысымен танысты.

Одан кейін сол жағалаудағы шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылыс барысын тексерді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесті

Келесі мақала

Облыс әкімі комитет төрағасымен кездесті

Оқи отырыңыз

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Құқық

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Әлеумет және экономика

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қоғам

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті
Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

Пернедегі әуен һәм қызметтегі пәрмен

Өзекті жаңалықтар

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

0

Байыппен жеткізілген ой көптің көңіліне қонады. Басқосу барысында осы ұстанымға басымдық беріліп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары,...

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Конституция: құқықтық ойдың өзегі
  • Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
  • Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
  • Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі