• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 19 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ басшысы Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының 85 жас мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

29.09.2025
in Қоғам, Мәдениет
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныту елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.

«Сыр өңірі – құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған еңбек адамдарынан кенде емес. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған жандардың ерен еңбегі, қалтқысыз адал қызметі бізге қашанда үлгі.
Биыл ел ағасы, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы 85 жасқа толды. Ол еңбек жолын 1959 жылы вагон депосында қарапайым слесарь болып бастаған. Теміржол училищесінде шебер, директордың орынбасары, директоры, Жаңақазалы поселкелік кеңес атқару комитетінің төрағасы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымдарында болды. Кент әкімі кезінде аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты.
Оразғали Достанұлы зейнетке шықса да, қоғамдық өмірге белсене араласып, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп келеді.

Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына үлес қосқан, елдің ыстық ықыласына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың атынан мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Жастарға жол көрсетіп, әрқашан игі істердің басында жүргейсіз. Мерейлі сәтте Өзіңізге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әлімбай Қасқырбай құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Жас сайлаушылар клубының мүшелері дауыс берді

Келесі мақала

Қазалы ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Оқи отырыңыз

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы
Экология

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
Әлеумет және экономика

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді
Саясат

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Батылдық бекіген кәсіби даярлық

Жаңақорғанда медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Өзекті жаңалықтар

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
Қоғам

Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

0

Рейд барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен көшелер бақылауға алынып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды...

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді

Батылдық бекіген кәсіби даярлық

Батылдық бекіген кәсіби даярлық

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Түнгі рейд жұмыстары жүргізілді
  • Көгалдандыру жумыстары-аудан келбетінің айнасы
  • Ақсу ауылының көшелеріне асфальт төселуде
  • Мемлекеттік қызметтегі шектеулер түсіндірілді
  • Батылдық бекіген кәсіби даярлық
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі