• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ басшысы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Достық үйінде» зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуде өңірді дамыту бағытында атқарылған жұмыстар, қолға алынған бастамалар мен алдағы міндеттер талқыланды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Өздеріңізге белгілі, жақында ғана Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы төрт жылдан астам уақыт облысымызды басқарған тұста ауқымды жұмыс атқарылды. Бірлігі бекем жұртымыз тың бастамаларға үнемі қолдау көрсетті.

Облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі 107 пайызға жетті. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн 900 млрд теңгеге бағаланған 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.

Биыл 1 трлн теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады», — деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен өңірде 200-ге жуық әлеуметтік нысан бой көтерді. Сыр жұртшылығының бекем бірлігі мен тату тірлігі барлық жетістікке арқау болды.

Облыс тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 100 пайыз, Қызылорда қаласындағы көпқабатты үй тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілді.

Жыл соңына дейін 10 елді мекенді газдандыру, көгілдір отынға қолжетімділік көрсеткішін 85 пайызға арттыру жоспарланған.

Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер кілті табысталды.

Бүгін сол жағалауда бой көтерген үйлердің 600 пәтері иелеріне салтанатты түрде берілді. Облыстағы 141 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 96%-ға жеткізілмек.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Президент саябағы жаңадан салынды.

Бүгін саябақ аумағында жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық оқу-сауықтыру орталығы балалар игілігіне айналды.

Одан бөлек, осы маңда Ботаникалық білім беру орталығы салынуда.

Жыл басында өткен V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 400 және 500 орындық екі емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, драма театр мен заманауи кітапхана құрылысы жүріп жатыр.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңі қарқын алды.

Ал «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша облыс аумағынан өтетін 189 шақырым жолдың құрылысы жақын күндері басталады.

Жиында Тұрғанбай Маханов, Бақберген Досманбетов, Айтбай Көшербаев, Өмірбек Шәменов, Шаһизада Әбдікәрімов сөз сөйлеп, алда атқарылатын жұмыстардың жемісті болуына тілек білдірді.

Алдыңғы мақала

Шіркейлі ауылында «Жұбайлар жыры» атты отбасылық ән байқауы өтті

Келесі мақала

Аралда «Қоңыраулы жыр киесі, ақ домбыраның иесі» атты жыр кеші өтті

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі