• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ауданның әлеуметтік -экономикалық даму жолдары

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, сондай-ақ жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

25.08.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұдан кейін аудан әкімі аппарат мәжілісін өткізіп, тиісті сала басшыларымен бірге күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылады.

-2027 жылға арналған аудан бюджетінің жалпы көлемі 9 млрд. 111,1 млн. теңге көлемінде жоспарлануда, 2028 жылға 9 млрд. 382,4 млн. теңге, және 2029 жылға да аудан бюджетінің көлемі 9 млрд. 382,4 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіштер ауданымыздың алдағы жылдардағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жергілікті кіріс бөлігін ұлғайтуға және әлеуметтік-экономикалық міндеттерін кезең-кезеңімен іске асыруға бағытталатын болады. Инженерлік инфрақұрылым дамыту және әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу үшін 2026-2027 жылдарға құны 36,1 млрд. теңгені құрайтын 45 жоба облыстық экономика және қаржы басқармасына қаржыландыруға ұсынылды. Бұдан бөлек, құны 5,9 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба бойынша жоба сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл ұсынылған жобаларды қаржыландыру үшін тиісті жұмыстарды атқаруымыз қажет, — деді аудан басшысы.

Мәжілісте аудан әкімі жергілікті кірістерді арттыру, инвестиция тарту, экономиканың нақты секторын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жоспарланған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды дамытуға ұсынылған жобаларды қаржыландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және сауда салаларындағы өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды. Осы ретте, тиісті сала басшыларына аудан экономикасының даму қарқынына тікелей әсер ететін барлық көрсеткіштерді тұрақты бақылауда ұстау керектігін екертті.

Мәжілістің күн тәртібінде 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы да қаралды. Өткен жылу беру маусымына аудан бойынша 17 мың тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланған. Алайда, тұрғын үйлердің көгілдір отын көптеп көшуіне байланысты 14,2 тонна қатты отын жеткізілді. Алдағы 2026-2027 жылғы жылу беру маусымына аудан бойынша 11 мың тонна қатты отын және 1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі жоспарланып отыр.

Аудан басшысы аудан аумағындағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындығын толық аяқтау, қажетті отын қорын қалыптастыру және инженерлік-коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мәжілісте «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қаралды.

Сондай-ақ елді мекендердегі санитарлық тазалық пен абаттандыру мәселесі көтеріліп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі барлық бағыт бойынша белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, жауапты басшыларға жұмысты күшейтуді тапсырды.

Алдыңғы мақала

Мектеп формасы мен сөмкені таңдау бойынша маман кеңестері

Келесі мақала

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі