• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Алматыда 35 мың орындық жаңа стадион салынбақ

Алматыда құны 75 млрд теңгені құрайтын жаңа стадион салынады, - деп  хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.09.2025
in Спорт
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

35 мың орындық жаңа футбол стадионы Алматыдағы Aport Mall East сауда орталығының батыс жағында салынады. Стадион құрылысына қала бюджетіне 75 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Алматы қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету жобасында көрсетілген.

Жоба Қазақстан президентінің спорт инфрақұрылымын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асады. Құжатқа сәйкес, биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жобаны іске асыру бойынша келісімшартқа қол қойылуы тиіс еді.

35 мың көрерменге арналған стадион UEFA-ның төртінші санатына сай салынады. Мұнда жаттығу базалары, жанкүйерлерге арналған демалыс аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйесі қарастырылған.

Жаңа стадион Құлжа мен Талғар трассаларының ортасында, шамамен 15 гектар аумақта бой көтереді. Сондай-ақ бұл жерде метро станциясы мен логистикалық хаб салу жоспарланған. Бұл шешім нысанды қаланың көлік жүйесіне интеграциялауға мүмкіндік береді.

26 тамызда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жобамен танысу барысында көлік қатынасы, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және аренаны қала ортасына үйлестіру мәселелерін қарастыруды тапсырды.

«Келер жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау қажет», – деді ол.

Дархан Сатыбалды Алматының 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадионы сақталып, жаңғыртылатынын атап өтті. Әсіресе жеңіл атлетика инфрақұрылымы сақталып, нысан Алматы спорт тарихының бір бөлігі болып қала береді.

Жаңа стадионды тек жанкүйерлер ғана емес, «Қайрат» футбол клубының негізін қалаушы Қайрат Боранбаев та күтуде.

«Қаланың жобасында жаңа футбол стадионының құрылысы бар, сіздер де байқаған шығарсыздар. Біз стадион тез арада салынады деп үміттенеміз», – деді Қайрат Боранбаев.

Stan.kz

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Реал» «Қайратты» 5:0 есебімен жеңді

Келесі мақала

Қызылорда филармониясында жаңа маусым

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі