• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 5 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді – Олжас Бектенов

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шаралар қаралды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

05.08.2025
in Денсаулық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Онда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады, сондай-ақ ЮНИСЕФ балалар қорының Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі бағдарламаларының басшысы Бауыржан Жүсіпов, №3 Түркістан облыстық перинаталдық орталығының басшысы Ардақ Аязбеков сөз сөйледі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 6 айында ана өлімі 10%-ға, нәресте өлімінің деңгейі 26,3%-ға төмендеген. Ақмарал Әлназарова қабылданып жатқан шаралар қатарында акушерлік және педиатрия бойынша стандарттар мен клиникалық хаттамаларды өзектендіру, педиатриялық бейіндер бойынша, босану мен акушерлік операцияларға тарифтерді ұлғайту, емдеудің инновациялық әдістерін енгізу және тағы басқа да шаралар бар екенін баяндады.

Премьер-министр Президент қойған міндеттерді ескере отырып, атқарылып жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуді денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды басымдығы ретінде айқындап берді. Бұл өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты мен еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне әсер етеді. Жалпы алғанда, қабылданған шаралар ана мен бала өлімі деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Әрине, бұл – медицина қызметкерлері еңбегінің нәтижесі», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр сала мамандарын даярлауды кеңейту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, елордада және өңірлерде жетекші клиникалар базасында оқу орталықтарын дамытып, акушерлер, гинекологтер, неонатологтер, педиатрлар мен реаниматологтер үшін үздіксіз оқыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын енгізу маңызды. Сонымен қатар болашақ аналар мен балалар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық елді мекендерге білікті кадрлардың келуін қамтамасыз ету қажет.

Қауіпсіз босану жағдайларын жақсарту, оның ішінде перинаталдық орталықтарды заманауи жабдықтармен жабдықтау бойынша тұрақты жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

«Біз дамыған елдердің көрсеткіштеріне жақындау үшін босану кезіндегі күрделі және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуіміз қажет. Денсаулық сақтау жүйесін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, көздеген мақсатқа қол жеткізуге болады. Соңғы жылдары ана мен бала өлімін 6 еседен астам төмендете алдық. Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтардың құрылысын жалғастыруды тапсырды. Осы жылдың 1 қарашасына дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстарын аяқтап, Шымкент пен Қарағандыда осындай орталықтардың құрылысын бастау қажет», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Премьер-министр әйелдерді жүктілікке дайындауға, ауруларды уақтылы диагностикалау мен сауықтыруға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ барлық адамның сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет, бұл орталық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысын талап етеді.

Кадр тапшылығын азайту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау нысандарын медицина мамандарымен толықтыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл көрсеткіш Денсаулық сақтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында көрініс табуы қажеттігі атап өтілді.

Өңір әкімдіктеріне инфрақұрылымды жақсарту, босандыру және бала күтімі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту міндеті қойылды. Барлық өңірде ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген жас дәрігерлерге көтерме қаражаттың бөлінуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Денсаулық сақтау министрлігіне, ұлттық ғылыми орталықтарға диагностика мен емдеу сапасын жақсарту үшін өңірлік медициналық ұйымдарға жаңа технологиялар трансфертін тұрақты негізде қамтамасыз ету тапсырылды.

Фото: primeminister.kz

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясында сөз сөйледі

Келесі мақала

Үкімет отырысында талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктелді

Оқи отырыңыз

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Құқық

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
Құқық

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Кітап FEST – руханият пен поэзия тоғысқан кеш

Қызылорда қаласын аяқсумен қамту жүйесін дамыту және инфроқұрылымды цифрлық басқару мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

0

Алдымен ардагерлер «Қызылорда арена» спорт кешенінің құрылыс алаңына барды. Заманауи спорт нысанында халықаралық стандарттарға сай 50 метрлік...

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
  • Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді
  • Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі