• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

ЮНЕСКО сарапшылары «Арал геопаркінде» бағалау жұмыстарын бастады

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне «Арал геопаркін» енгізу бойынша бағалау жүргізуге келген халықаралық сарапшылар Жозе Брилья, Сома Саедиюнесимен кездесті. Кездесуде Жаһандық геопарктер желісіне қосылу барысы, атқарылған жұмыстар және бағалау миссиясының алдағы негізгі кезеңдері талқыланды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

07.07.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыс әкімі Мемлекет басшысының Арал өңірін экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беретінін атап өтті.

«Биыл сәуір айында Астанада өткен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің қорытындысында Президентіміз Солтүстік Арал экожүйесін қалпына келтіру жұмыстарының оң нәтижесін жоғары бағалады. Еліміздегі бірегей табиғи әрі ғылыми нысан – «Арал геопаркін» дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Геопарк құру – облыстың ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағыттарының бірі. Бұл жоба геологиялық мұраны сақтаумен қатар, ғылымды, туризм мен кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

 

Жобаның негізгі мақсаты – Арал өңірінің табиғи-экологиялық, геологиялық, тарихи және мәдени мұрасын сақтау, ғылыми зерттеулерді дамыту, экологиялық туризмді ілгерілету және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру.

Бүгінде ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісі әлемнің 51 еліндегі 241 геопаркті біріктіреді. Оған қосылу үшін әлем бойынша 14 өтінім қаралуда, яғни бұл мәртебеге ие болуда халықаралық бәсекелестік жоғары.

Талаптарға сәйкес «Арал геопаркі» аумағында дайындық жұмыстары жүргізіліп, төрт туристік-танымдық маршрут әзірленді. Өткен жылы қараша айында геопаркті ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізу туралы ресми өтінім ұйымның штаб-пәтеріне жолданды.

Шілденің 6–13-і аралығында халықаралық сарапшылар геопарк аумағында негізгі бағалау миссиясын өткізеді. Оның қорытындысы бойынша «Арал геопаркін» ЮНЕСКО-ның Жаһандық геопарктер желісіне енгізуге қатысты кәсіби қорытынды ұсынылады.

Оң шешім қабылданса, «Арал геопаркі» Қазақстандағы халықаралық деңгейде мойындалған алғашқы жаһандық геопарк мәртебесіне ие болады. Бұл Арал өңірінің туристік тартымдылығын арттырудың, ғылыми зерттеулерді кеңейтудің және жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – халық мұрасы» атты мәдени іс-шара өтті

Келесі мақала

Аймақ басшысы газ саласын дамыту мәселесін талқылады

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі