• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Арал: “Қауіпсіз балалық шақ кепілі” тақырыбында жиын өтті

​Мемлекет басшысы «Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарын сіңіру – ұстаздың міндеті. Осыған орай балабақшадағы және мектептегі тәрбие ісіне бәріміз қоғам болып мән беруіміз керек, сондай-ақ белсене атсалысуымыз қажет» – деп, бұл саладағы жауапкершілікті одан әрі күшейткен болатын,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

15.04.2026
in Қоғам, Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

​Соған сәйкес бүгін №262 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп: қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында ауқымды жиын өтті.

​Қатысушылар ордалы білім ошағының мектеп кабинеттерінде ұйымдастырылған түрлі бағыттағы мазмұнды жұмыстармен танысты. Отбасылық тәрбие, әке рөлінің маңыздылығы, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, сондай-ақ жасөспірімдермен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдері қамтылған тың жобалар мен тәжірибелер ұсынылды. Қатысушылар әр бағыт бойынша жаңа бастамалармен танысып, өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар оқушылардың жасанды интеллект арқылы ұсынған заманауи жобалар көрсетілді.
​Жиында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқыланды.
Басқосу аудан прокуроры Ә. Елтайұлы төрағалығымен өтіп, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.

​Іс-шара барысында мемлекет деңгейінде жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы айтылып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы, мектеп және қоғамның бірлескен жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Қатысушылар бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтар мен құқықтық сауаттылықтың сабақтастығын сақтаудың өзектілігіне тоқталды.

​Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері мен білім саласының мамандары сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді. Атап айтқанда, Р. Жанаев құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығына тоқталса, Т.Лекеров жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова бала қауіпсіздігі қазіргі қоғамның ортақ әрі өзекті тақырыбы екенін айта келе, аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып,
Ата-аналар тарапынан С.Акуов сөз сөйлеп, отбасы тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы шешуші рөліне тоқталды.

​Жиын аясында балалардың психологиялық саулығын сақтау, қиын жағдайға тап болған оқушыларға қолдау көрсету мәселелері де кеңінен қарастырылып, Р. Мұстафаева тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, бала тәрбиесіндегі заң мен тәртіптің өскелең ұрпақты адалдыққа, жауапкершілікке және заңды құрметтеуге баулу – барша қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.

Алдыңғы мақала

Салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды

Келесі мақала

Шөмішбай Сәриев — сезім мен сырдың сыршыл жыршысы

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі