• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 6 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

Арал: Тазалық жұмыстарына деген талап босаңсымайды

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Есжанов қала әкімі Б.Ұзақовпен бірге Арал қаласында тазалықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар көшелер мен көпшілік орындарды аралап, қаланың тазалығына байланысты жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

27.04.2026
in Экология
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен қала кіреберісіндегі қақпа маңындағы абаттандыру жұмыстары қаралып, оның баяу жүріп жатқаны үшін жауаптыларға қатаң ескерту берілді. Тапсырмаларды уақытында орындамағандарға тиісті шаралар қолданылатыны айтылды.

Қала ішін аралау барысында көшелерде ұзақ уақыттан бері жиналып тұрған қоқыстар анықталып, тазалық жұмыстарының жеткіліксіз деңгейде жүргізілмей жатқаны сынға алынды. Кейбір көше бойындағы үйілген қоқыстардың қанша уақыт өтсе де ретке келмегенін көрген аудан әкімінің орынбасары қала әкіміне ескерту жасап, Арал қаласы бойынша тазалық жұмыстары әлі де өз деңгейінде жүргізілмей келе жатқанын атап өтті.

Ал кейбір көше бойындағы көріністер қала тұрғындарының тазалық мәдениетіне деген көзқарастары әлі де төмен екенін байқатты. Мұны қаланың кейбір талапшыл тұрғындары да растап отыр.

Мәселен, қаланың шанхай мөлтек ауданында орналасқан орыс қорым атанып кеткен аумақтың іші де сырты да толған қоқыс екені көзге алыстан байқалып тұр.

Бүгін тазаланған аумақ көзді ала бере лезде қоқысқа толып қалатыны бұған дейін де белгілі болған. Мұны сол маңда тұратын Алматы көшесінің тұрғыны да растады.

Мән-жайға қаныққан аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Есжанов қала әкіміне қоқыстар жиі төгілетін аумақтарға жылдам басқарылып, заңбұзушылықты анықтайтын бейнебақылау қондырғыларын орнатуды қолға алу жөнінде тапсырма берді. Сол арқылы қоқыс тастаушы тұлғалар анықталып, әкімшілік хаттамаға сай ірі көлемдегі айыппұлдар салынатын болады.

Мұнан өзге қала көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен тілдесу барысында жұмыстардың барлығын сапалы жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Қаланың басқа аймақтарында да мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында арнайы шаралар қабылданатын болады.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалыда аудан орталығындағы арықтарға су жіберілуде

Келесі мақала

Аймақ басшысы УЕФА стадион инспекторымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі