• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Аралда әке мәртебесі ұлықталған тағылымды кеш өтті

Бүгін қаладағы Балықшылар аллеясында Әкелер күніне орай «Әке – отбасы бақытының кепілі» атты мерекелік кеш өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

16.06.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Тағылымды шараның басты мақсаты әке мәртебесін ұлықтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің айрықша рөлін насихаттау.

Кеш барысында көрермендерге әке тақырыбындағы театрландырылған қойылым ұсынылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аудан өнерпаздары орындаған әндер мен күйлер, ұлттық билер мен әсерлі шығармалар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шарада аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев сөз сөйлеп, барша әкелерді мерекелерімен құттықтап, отбасы институтын нығайтудағы әкенің орны ерекше екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Арал өңіріне арналған жаңа шығармаларды насихаттау мақсатында өткен «Ән қанатындағы Арал» республикалық жабық ән байқауында үздік деп танылған белгілі сазгер Рамазан Тайманов арнайы марапатқа ие болды. Шара барысында оның «Аралым» әні орындалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, үлгілі отбасының берік негізіне айналып жүрген бір топ азаматтары аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Тағылымды кештің құрметті қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, белгілі сазгер Рамазан Тайманов пен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Дүйсенбек Аяшұлы ізгі тілегін жеткізіп, халқымыздың қонақкәде дәстүріне сай тағылымды сөзін арнады.

Мазмұнды өткен мерекелік кеш әке тұлғасының қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындап, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.

Алдыңғы мақала

Сырдария: Теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды

Келесі мақала

Облыс әкімі азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі