• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Бүгін белгілі қаржыгер-экономист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мүбәраков Қамбарбек Амангелдіұлын еске алуға арналған мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан облыстық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.07.2026
in Әлеумет және экономика, Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректоры Наурызбай Байқадамов, мемлекет және қоғам қайраткері Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері және отбасы мен ағайын-туыстары қатысты.

Рәсімде аймақ басшысы Қамбарбек Амангелдіұлының қажырлы еңбегі мен адал қызметін еске алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Баршаңызды бүгінгі турнирдің ашылуымен құттықтаймын! Жарыстың ашылу салтанатына орай Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы арнайы құттықтауын жолдады.

Қамбарбек Амангелдіұлы саналы ғұмырын Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне арнап, мемлекеттік қызметте адал еңбектің жарқын үлгісін танытты.

Қызмет жолында Шиелі ауданының әкімі, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және қаржы басқармаларының басшысы болған уақытта ел мүддесін негізге ала отырып, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, байыпты бастамалар мен тың жобаларды жүзеге асыруға ерекше үлес қосты.

Әріптесіміз қай қызметте де биік парасатымен абыройға кенеліп, азаматтық ұстанымымен, іскерлік қасиетімен, мол тәжірибесімен көпке үлгі болды.

Бүгінгі спорт сайысы асыл азаматтың есімін ел жадында мәңгі сақтап, жастарға үлгі-өнеге ретінде насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз. Осындай спорттық шараларда шыңдалған жастарымыз байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп, көк Туымызды биікте желбірете берсін!», — деді аймақ басшысы.

Шарада үзеңгілес досы, әріптесі Руслан Рүстемұлы, Қамбарбек Амангелдіұлының ағасы Бақытжан Амангелдіұлы сөз сөйледі.

Айта кетейік, турнирге облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерден 27 команда қатысуда. Жарыс қорытындысы бүгін шығады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі