• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 6 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі Қожабақы және Бозкөл ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қожабақы және Бозкөл ауылдарына барып, елді мекендердің тұрғындарымен кездесті, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, Қожабақы ауылындағы салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.11.2025
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен екі ауылдыңда тұрғындарымен кездесіп, ауданда аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар елді мекендерде жоспарланған жұмыстар жайында да айтып өтті.

Кезек ұсыныс-пікірлерге келгенде тұрғындар тарапынан елді мекенішілік жолдарды асфальттау, Қожабақы ауылына барар жолдағы қауіпті бұрылыстарда жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау, Бозкөл ауылына көгілдір отын жеткізіп, ауылдағы ескірген балабақша ғимаратын қайта салу сынды мәселелер көтерілді.

Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге аудан әкімі мен тиісті сала басшылары заңдылыққа сәйкес жауап беріп, бұл мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетіндігін айтты. Аудан басшысы елді мекенішілік жолдарды асфальттау бойынша бөлінген қаржыға сәйкес екі ауылданда бір көшеден асфальттап беруге жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Алмасбек Әбілқасымұлы тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, сынды әлеуметтік нысандарды аралап, бу қазандықтарының жұмысын көрді.

Қожабақы ауылындағы нысандарды аралау барысында елді мекенде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысын көрді. Бүгінде спорт ғимаратының іргетасын, коллонналарын құю және сыртқы қабырғаларын кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, ішкі, сыртқы кәріз жұмыстары, сыртқы ауыз су желісі жүргізілген. Сонымен қатар жобаға сәйкес калоналар жасалып, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалған. Спорт кешенінің құрылысы келер жылға толықтай ақяталып пайдалануға беру жоспарланып отыр. Аудан әкімі мердігер мекеме «Намыс — Құрылыс» ЖШС-нің жауапты өкілі мен жауапты сала басшысына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде толық әрі сапалы етіп аяқтауды тапсырды.

 

Алдыңғы мақала

Мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады

Келесі мақала

Мұхтар Құл- Мұхаммед Қызылордадағы жаңа нысандармен танысты

Оқи отырыңыз

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
Білім

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
Білім

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
Саясат

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Жазасын өтеушілер отандық фильмді тамашалады

Мемлекеттік қызметкерлер мекемеге экскурсия жасады

Ұжымдық рухты нығайтқан тренинг

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

0

Байқауды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты — жастарды белсенді шығармашылық...

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң  жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
  • Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
  • Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі
  • «Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды
  • Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі