• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 26 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жұмыс сапарымен Сексеуіл кентіне барып, кентте жаңадан салынып жатқан 100 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыс алаңында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетовпен және теміржол саласының жауапты мамандарымен кездесті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысқа жауапты «Иман» ЖШС өкілдерімен пікір алмасты. Құны 1 млрд теңгені құрайтын ауқымды жоба қазан айына дейін толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов өз сөзінде аталған нысандар ауыл балаларына жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың білім мен руханиятты қатар меңгеруіне зор ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін тұрақты бақылауда болатынын айтып, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы да ғимараттардың сапалы әрі талапқа сай салынуына жергілікті әкімдік тарапынан ерекше мән берілетінін жеткізіп, нысандар толық пайдалануға берілгенге дейін қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.

Сонымен қатар, кенттегі теміржол саласына қатысты өзекті мәселелер де көтерілді. Аудан әкімі кезінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қаржыландырып, алайда құрылысы аяқталмай қалған тұрғын үйлердің қазіргі таңда аудан меншігіне алынғанын, әлі де құжаттандыру жұмыстарындағы бірқатар кемшіліктерді шешуге аталған компания тарапынан ықпал жасалса деген ұсыныс айтты.

Сондай-ақ, аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы Сексеуілдегі «Қамқор Локомотив» жөндеу депосы тарапынан жүргізілген қысқарту жұмыстарының да бүгінде өзекті екенін, аталған жағдайды назардан тыс қалдырмай, қысқарған жұмысшыларды жұмыссыз қалдырмауға жағдай жасалса деген ұсынысын жеткізді.

Өз кезегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры А.Үмбетов бұл мәселені шешу бойынша алдағы уақытта кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Мұнан соң тараптар кентте жаңадан салынып жатқан теміржол вокзалының құрылысымен танысты. Жолаушыларды қабылдау сыйымдылығы 60 адамды құрайтын жаңа вокзалдың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимараттың негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Заманауи талаптарға сай бой көтеріп жатқан жаңа вокзал алдағы уақытта кенттің көркін арттырып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсететін болады.

Кездесу барысында аудан әкімі Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің тозығы жеткенін айтып, оларды күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының назарына ұсынды.

Сондай-ақ Сексеуіл–Қарақұм–Жезқазған бағытындағы теміржол желісі бойындағы Абай станциясына жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы мініп-түсуіне мүмкіндік беретін теміржол перронын салу мәселесін көтерді. Бұл ұсыныс бұған дейін де «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығына жолданып, назарға алынған болатын.

Өз кезегінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Ізтілеуұлы аудан әкімі тарапынан көтерілген мәселелердің орынды екенін, ел игілігі жолындағы бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді

Алдыңғы мақала

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
Қоғам

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
Мәдениет

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды
Мәдениет

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті
Қоғам

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

Аймақта 10 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

Қоңыраудың соңғы сыңғыры

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»

Өзекті жаңалықтар

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
Қоғам

Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті

0

Кездесу барысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен бой көтеріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылысқа...

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Аудан әкімі «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС бас директорымен кездесті
  • Аралда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
  • Алмагүл Божанованың 80 жылдығына арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
  • Париж көрермендеріне Сыр өнерпаздарының концерті ұсынылды
  • «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» облыстық семинар өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі