• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Тартоғай, Қоғалы және Қарғалы ауылдық округдерінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша Тартоғай, Қоғалы және Қарғалы ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесулер өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған кездесулер тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Кездесулер барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобаларға тоқталып, елді мекендерде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды кеңінен баяндады.

Тартоғай ауылдық округінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында М.Ғабдуллин көшесі бойындағы ескі жарық шамдары заманауи жарық бағаналарына ауыстырылды. Сонымен қатар, Кірпіш зауыты елді мекеніндегі Б.Момышұлы көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Д.Ершохаев көшесіне ағымдағы жөндеу жасалды. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз етіп отырған ұзындығы 1,5 шақырым арық арнасы тазартылды.

Қоғалы ауылдық округінде аудандық бюджет есебінен «Жастар саябағы» салынды. Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, аудан басшылығына қолдау көрсететіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін 1,5 гектар аумақ қоршалып, пайдалануға берілді. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ететін Ботабай каналының 900 метр бөлігі тазартылды. Алдағы уақытта интернет және байланыс сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар қолға алынбақ.

Қарғалы ауылдық округінде ауылдың кіреберіс аркасынан бастап елді мекен ішіне дейін көше жарықтандыру жүйесі орнатылып, толық іске қосылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, екі азамат мал басын көбейту мақсатында жер телімін алу конкурсына қатысып, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда олар 50 гектар жерді жалға алып, кәсіптерін дөңгелетуде.

Кездесу барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, интернет алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тұрғындарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, елді мекендерді дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді. Аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды

Келесі мақала

Аудан әкімі соңғы қоңырауды жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі