• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Аудан әкімі теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандағы теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесті. Жиында теміржол саласының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы, салада атқарылып жатқан жұмыстар және Президентіміздің бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды «Postscript.kz» ақпараттық агенттігі.

19.08.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» филиалының директоры, Қазалы аудандық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты, «Құрметті теміржолшы», ауданның әлеуметтік-экономикалық және теміржол саласының дамуына зор үлес қосқан азамат Алмағамбетов Нұрлан Жұбатқанұлын ауданымыздың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

-Қазалы ауданында теміржол саласында 15-тен астам мекеме жұмыс істеп, 2000-ға жуық азамат тұрақты еңбек етеді. Ауданның экономикалық және өндірістік әлеуетін дамытуда теміржол саласының орны ерекше. Теміржол арқылы жүк тасымалы, өндірістік және кәсіпкерлік нысандардың жұмысы қамтамасыз етіліп, ауданның экономикалық байланыстары нығая түсуде. Соңғы жылдары сала инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл «Қазақстан темір жолы» компаниясы тарапынан 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, теміржол вокзалы маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір қайта салынды. 125 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп, жақында ел игілігіне қайта пайдалануға берілді. Тарихи ғимаратты жаңғыртуға «Қазақстан темір жолы» компаниясы тарапынан 1 млрд 290 млн теңге қаржы бөлінсе, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарына 91 млн теңге жұмсалды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және саланы дамыту бағытындағы тапсырмаларының өңірлерде жүйелі жүзеге асырылып келе жатқанын көрсетеді. Өңірімізде аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының да қоладуымен ауданның теміржол саласын дамытуда және оның инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мәжілісте аудан әкімі теміржол мекемелерінің басшыларын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуға шақырды. Әрбір мекеме өзіне тиесілі аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарап, санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуі қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, 23 тамызда елімізде өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына байланысты теміржол саласы қызметкерлерінің өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалмады. Мекеме басшыларына қызметкерлер арасында сайлау тәртібі мен дауыс беру уақыты жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың сайлауға қатысуына мүмкіндік жасау керектігі жөнінде айтылды.

Аудан басшысы жиында көтерілген мәселелердің барлығы ортақ жауапкершілікті талап ететінін айтып, теміржол саласының өкілдерін еліміздегі Президентіміздің бастамасымен жүзеге асып жатқан игі бастамаларға, ауданның тазалығы мен көркеюіне белсенді үлес қосуға шақырды.

 

Алдыңғы мақала

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді

Келесі мақала

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі