• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдария ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың есепті кездесулері Айдарлы, Жетікөл және Аманкелді ауылдарында басталды. Кездесулерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау мен дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

12.11.2025
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесулерде аудан басшысы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

– Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалымен танысудан бастап, бірнеше әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Мемлекет басшысы Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Мұны облыс жұртшылығы үлкен қуанышпен қабыл алды. Президентіміз Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Биыл облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеден асты. Өңірге тартылған инвестиция көлемі 720 млрд. теңгеге жетті. Облыста соңғы үш жылда білім беру саласына бөлінген қаржы көлемі 812 млрд 245 млн теңге бөлінді. 5 млрд 700 млн теңгеге 9 мектептің жанынан қосымша ғимараттар бой көтерді. Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында аймақта 6900 орындық 10 мектеп іске қосылды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты ашылды. 11 млрд теңгеге «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инновациялық академиясы пайдалануға берілді. «ҚазМұнайгаз» ҰК демеушілігімен Қызылорда қаласында 2 млрд 500 млн теңгеге заманауи үлгідегі оқушылар сарайы ашылды. Демеушілікпен 4 млрд 800 млн теңгеге музыкалық колледждің жаңа 450 орындық оқу ғимараты мен 200 орындық жатақханасы өнерлі өрендердің игілігіне табыс етілді. Облыс орталығында 5 млрд 200 млн теңгеге кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтардың «құзыреттілік орталығы» ғимаратының құрылысы басталды. Президентіміздің Катар еліне жасаған жұмыс сапары аясында Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд. теңгеге бу-газ қондырғысы аудан аумағында салынатын болады. Бұл мегажоба ауданымыз үшін өте маңызды. Жоба толығымен іске асқанда, аудан экономикасының дамуына үлкен серпін береді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Биыл Айдарлы ауылында 11,7 млн. теңгеге ойын алаңы салынса, елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтам» каналы тазартылды.

Жетікөл ауылында осы жылы К.Бимаханов, Абай, К.Тасыров көшелеріне, Аманкелді елді мекенінде Қызылту 1 және 2 көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесулерде елді мекен тұрғындары инфрақұрылымдық, кәсіпкерлік және басқа салаларға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан әкімі барлық ұсыныс бақылауда болып, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында есептегі сотталғандар қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді

Келесі мақала

Адалдыққа бастайтын ашық қадам

Оқи отырыңыз

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды
Құқық

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам
Құқық

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

Дінтанушы сотталғандарға “Қазақ даласына-Исламның келуі” тақырыбында дәріс өтті

Гендерлік рөлдер: біз балаларға нені үйретіп жүрміз?

Ақпаннан бастап балаларға арналған ұйымдарда жаңа қағидалар енгізілмек

Балалар арасында желшешек ауруы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

0

Видеода келіншек өзінің 4 жасар үлын жылу батареясына байлап, асқан қатыгездікпен ұрып-соққаны көрінеді. Тіпті бүлдіршінді балағаттап, тепкілейді....

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
  • Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды
  • Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
  • Байыпты талдау: өткен кезеңнен келешекке байлам
  • Үздіксіз қызметтегі рухани үзіліс
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі