• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалы ауданында автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінің айналма жолын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көріп, нысандағы құрылыс сапасын бақылады, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

11.09.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жалпы ұзындығы 3,192 шақырымды құрайтын айналма жолдың Жанқожа батыр көшесінен Т. Бөріқұлақов көшесіне дейінгі бір бағыттағы бөлігінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда жолдың екінші бағытындағы құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жобаға сәйкес айналма жол Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйі маңынан басталып, екі бағыт бойынша Т. Бөріқұлақов көшесімен қиылысатын болады.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударды. Мердігер мекеме – «Қазалы Жолшы» ЖШС өкілдеріне және жауапты сала басшыларына жұмыстарды белгіленген талаптарға сай жүргізіп, жол сапасын қамтамасыз ету және құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айналма жолдың пайдалануға берілуі Әйтеке би кентіндегі көлік қозғалысын реттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталық көшелердегі көлік жүктемесін азайтып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал етпек.

Айта кетейік, биыл Қазалы ауданында автомобиль жолдарын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, Әйтеке би кентіндегі 12 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 81,6 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар орындалды.

Алдағы кезеңде ауданның автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізу мақсатында 26 жоба бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасына жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрайтын бюджеттік өтінім жолданған.

Бұдан бөлек, Қожабақы–Аранды және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр.

Жол сапасы – елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан қолға алынған жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуы аудан басшылығының тұрақты бақылауында.

Алдыңғы мақала

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Келесі мақала

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі