• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы: Байланыс қызметкерлері күніне орай сала мамандары марапатталды

17 мамыр - Байланыс қызметкерлері күні. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов Қазалы ауданында байланыс және телекоммуникация саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін қабылдап, мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

— Байланыс саласы – қоғамның дамуына серпін беретін, халық пен мемлекетті, аймақтар мен елдерді өзара жалғайтын маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат алмасудың жеделдігі мен сапасы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.

Бүгінде ауданымызда байланыс және телекоммуникация саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Елді мекендерді интернет желісімен қамту, ұялы байланыс сапасын жақсарту, цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру – басты назардағы мәселелердің бірі. Осы ретте сіздердің күнделікті еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздерге аудан халқы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да байланыс саласының қарқынды дамуына үлес қосып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, — деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Мерекелік қабылдауда Дәурен Оңғарбайұлы аудандағы байланыс саласының қызметкерлеріне аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың құттықтауын жеткізіп, бірқатар сала ардагерлерімен қызметкерлерін «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Бүгінде ауданымыз бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісімен Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 18 елді мекен қамтылған, яғни 47,6 пайызы. «Қазақтелеком» АҚ-ы арқылы 10 елді мекен қосылған болса, «Транстелеком» АҚ-ы арқылы 10 елді мекен жоғары жылдамдықты интернет қамтылған. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ-мен «Ауыл Online» жобасы аясында 2027-2028 жылдарға 17 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жоспарлануда. Ал, Қазалы аудандық пошта торабында 17 байланыс бөлімшесі жұмыс жасайды, онда 56 азамат қызмет атқаруда. Тарихы тереңде жатқан «Қазпошта» акционерлік қоғамы бүгінгі таңда үлкен өзгерістерден өтіп, заман талабына сай техникалық құрал-жабдықтармен қамтылған. Пошта торабы екінші деңгейлі банк ретінде Қазалы ауданы бойынша 150-ден астам заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 12 елді мекенде бұл жұмыстармен қатар, серіктес банктер арқылы несие, депозит рәсімдеу жұмыстары қоса жүргізілуде.

Өз кезегінде байланыс саласының мамандары әріптестерін мерекемен құттықтап, көрсетілген қошемет-құрметке алғыстарын айтты.

Мерекелік басқосу Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығы өнерпаздарының әсем әндерімен аяқталып, мереке иелері көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Алдыңғы мақала

Аралда «Қоңыраулы жыр киесі, ақ домбыраның иесі» атты жыр кеші өтті

Келесі мақала

Облыс әкімі Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі