• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Балдарға қуаныш сыйлаған мереке

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шиелі ауданында бүлдіршіндерге арналған ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.06.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік кеш барысында аудан тұрғындары мен жас жеткіншектерге түрлі мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынылып, балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған шаралар өткізілді

Салтанатты жиында Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, ауданның барлық бүлдіршіндерін Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде балалардың жарқын болашағы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауларға тоқталып, өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау әрқашан басты назарда екенін атап өтті. Сонымен қатар жас буынға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және оқуда табыс тіледі.

Мерекелік бағдарлама аясында Шиелі аудандық кітапханасы арнайы көшпелі кітапхана ұйымдастырып, балаларға қызықты кітаптар мен танымдық әдебиеттерді ұсынды. Кітап көрмесінде қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары қойылып, жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ерекше мән берілді.

Шара барысында аудандық кітапхана ұжымы «Еркетай» қуыршақ театрының қызықты қойылымын сахналады. Кейіпкерлердің әсерлі бейнесі мен тәрбиелік мәні зор көріністері балалардың көңілінен шығып, олардың ерекше ықыласына бөленді. Қуыршақ театры бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, достық, мейірімділік және адамгершілік құндылықтарды насихаттады.

Сонымен қатар мерекеде заманауи технологиялардың мүмкіндіктері де таныстырылды. Кітапхана қызметкерлері жасанды интеллект негізіндегі жаңа жобалар мен цифрлық ресурстарды көрсетіп, балаларға олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді. QR-кодтар мен арнайы мобильді қосымшалар арқылы жанданатын суреттер, интерактивті кітаптар мен түрлі танымдық материалдар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Балалар цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысып, білім мен ғылымға деген қызығушылықтарын арттырды.

Мерекелік іс-шара барысында балалар түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысып, ерекше әсерге бөленді. Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, олардың жарқын күлкісі мен шат көңіл-күйіне толы есте қаларлық мерекеге айналды.

Алдыңғы мақала

Аймақта тынығу лагерьлерінің маусымы ресми түрде ашылды

Келесі мақала

Қызылордада ботаникалық бақ пайдалануға берілді

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі