• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Қызылордалықтар – «ең үздік олимпиадалық команда» номинациясының иегері

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев халықаралық, республикалық пәндік олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының жеңімпаздарымен және олардың жетекші ұстаздарымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысының білім мен ғылымға ұмтылысты қолдауының арқасында өңірде ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.06.2026
in Спорт
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Расында, дарынға ие болу, бұл – бақыт. Бірақ жай ғана еңбексіз дарын жетістіктің кепілі бола алмайды. Дарынның көзін ашу керек және оны толығымен пайдалана білу қажет. Әр жеңіс, әр медаль тынымсыз ізденіспен, маңдай термен, үздіксіз дайындықпен келеді»,– деген болатын.

Дана халқымыз «Білім – таусылмайтын кен» деп бекер айтпаған. Қай заманда болсын, елдің еңсесін тіктеп, болашағын баянды ететін күш – білімді ұрпақ. Сыр өңірінің ғана емес, күллі Қазақстанның мерейін үстем етіп жүрген Өздеріңіздей талапты да талантты жастармен кездесудің мәні зор», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Биыл 29 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанса, 143 оқушы республикалық олимпиада, ғылыми жоба байқауларында үздік нәтиже көрсетті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысының командасы «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясын иеленді. Сонымен қатар, екі оқушы жоғары оқу орындарының білім грантын жеңіп алды.

Салтанатты жиында 30 жетекші ұстаз облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, шипажайға жолдама алды. Халықаралық және республикалық білім додаларында үздік нәтиже көрсеткен 36 оқушыға облыс әкімінің Алғыс хаты мен планшет табысталды. Оқушылар мен ұстаздар ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Айта кетейік, кейінгі жылдары Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ден астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде білім беру саласында 46 жаңа нысан іске қосылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты мен музыкалық колледждің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

«Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» іске қосылды. Жақында жаңа балалар тынығу лагері пайдалануға беріліп, алғашқы демалушыларды қабылдады. Бүгін Президент саябағындағы Ботаникалық білім беру орталығы ел игілігіне табысталды.

Алдыңғы мақала

Жаңақорған ауданына жаңа әкім тағайындалды

Келесі мақала

Облыс әкімі нашақорлықтың алдын алу және интернеттегі есірткі насихатына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі