• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Еңбек ерінің есімі ұлықталды

Бөген ауылында Социалистік Еңбек Ері Төлеген Әлімбетовтің 100 жылдығына арналған ауыл жастары арасындағы аудандық волейбол турнирі өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

06.05.2026
in Спорт
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шараны Бөген ауылдық округ әкім Әлішев Айбек ашып, қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Сондай-ақ ол бұл жарыстың жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеудегі маңызына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорттық додаға ауданның түрлі елді мекендерінен жиналған 10 команда қатысты. Олардың қатарында Арал қаласы, Арал көпсалалы колледжі, Жақсықылыш кенті, Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қамыстыбас ауылдық округтері, Қызылжар, Шөмішкөл ауылдары, сондай-ақ Бөген-1 және Бөген-2 командалары бар. Бұл жарыс ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға да ықпал етті.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі әсерлі өтті. Қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетіп, шеберлік пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін паш етті. Қорытындысында үздік командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Жарыс нәтижесі бойынша:

I орын – Аманөткел ауылдық округі

II орын – Жақсықылыш кенті

III орын – Қамыстыбас ауылдық округі

Сонымен қатар, турнир барысында ерекше өнер көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. «Үздік шабуылшы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік либеро», «Көрермен көзайымы» және «Үздік бапкер» аталымдары бойынша топ жарғандар анықталды.

Бұл спорттық шара – тек жарыс қана емес, сонымен қатар елге еңбегі сіңген тұлғаны ұлықтау, оның өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ жастарды спортқа баулу бағытындағы маңызды бастама болды.

Алдыңғы мақала

Арнайы инвестициялық кеңес отырысы өтті

Келесі мақала

Аудан әкімі елді мекендерге орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарын көрді

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі