• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Халықаралық отбасы күніне орай жас аналарға құрмет көрсетілді

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Шиелі ауданында тағылымы мол мерекелік шара ұйымдастырылып, дүниеге сәби әкелген жас аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің қолдауымен жүзеге асқан игі бастама Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы негізінде «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.05.2026
in Денсаулық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелі күні аудан перзентханасында өмірге келген 4 ұл және 1 қыз баланың аналарына арнайы құттықтау ұйымдастырылып, олардың отбасыларына сый-сияпаттар табысталды. Сәбилі болған отбасыларды аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов пен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев арнайы барып құттықтап, жақсы тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында жас аналардың жағдайы сұралып, жаңа өмірге келген сәбилердің амандығы мен денсаулығына тілектестік білдірілді. Сонымен қатар, отбасы құндылығының қоғамдағы орны ерекше екені айтылып, мемлекет тарапынан аналар мен балаларға көрсетіліп жатқан қолдаулар жөнінде де сөз қозғалды.

Шара барысында ұйымдастырушылар бұл бастаманың басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, аналарға құрмет көрсету және дүниеге келген әрбір сәбидің өмірге келу қуанышын елмен бірге бөлісу екенін атап өтті. Себебі отбасы – қоғамның тірегі, ал ана мен бала амандығы – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Осындай игі шаралар арқылы жас отбасыларға қолдау білдіріліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен отбасы мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Халықаралық отбасы күніне арналған бұл мерекелік іс-шара аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ізгілік пен мейірімнің жарқын үлгісіне айналды.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барды

Келесі мақала

Кенеден сақтану шаралары

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі