• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы: «Халық әуені» жобасы мәдениет мерекесіне ерекше сән қосты

Бүгін Қазалы ауданында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Мәдениет және өнер» атты мерекелік салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудандық мәдениет орталығында өткен салтанатты шарада Сыр өңіріне арнайы келген Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұжымы қазалылықтарға ерекше мерекелік кеш сыйлады. Өнер ұжымының мерекелік концерті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Halyk Bank демеушілігімен жүзеге асырылып жатқан «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ауқымды мәдени жобасы аясында жүзеге асуда. Кеш барысында концерттік-гастрольдік тур аясында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Мюзикл әлемі» атты концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мәдениет және өнер саласының майталмандарын төл мерекелерімен құттықтап, Сыр өңіріне концерттік бағдарламамен келген өнер ұжымына сәттілік тілеп, құрмет көрсетті.

— Кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеу көрсеткішіне мәдениеттің қосар үлесі зор. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде «Мәдениет саласын қолдау – мемлекеттің конституциялық міндеті. Қазір бұл бағытта ауқымды шаруа жасалып жатыр», — деп ел мәдениетінің дамуы жолында жасалып жатқан игі істер жайында атап өткен болатын. Жақында ғана Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған Нұрлыбек Машбекұлы төрт жылдан астам уақыт облысымызды басқарған тұста, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен өңірде 200-ге жуық әлеуметтік нысандар бой көтерді. Мемлекет басшымыздың Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа драма театрдың, Президенттік кітапхананың құрылысы басталды. Қазалы ауданында да өңірге көрсетілген қолдаудың нәтижесінде «Руханият» орталығы ғимараты, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Роза Бағланова атындағы 600 орындық аудандық Мәдениет орталығы, Кәукей және Майдакөл ауылдарында 100 орындық жаңа ауылдық клуб салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда аудан бойынша мәдениет саласында 350-ге жуық қызметкерлер еңбек етіп, рухани дүние тәрбиешісіне айналып отыр. Бүгінгі айтулы мерекеге орай қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған, ұлттық мәдениетіміздің мәртебесін көтеріп жүрген беделді шығармашылық ұжым — Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ұжымы Сыр елі – жыр еліне, қазыналы Қазалы ауданына арнайы концерттік бағдарламамен келіп отыр. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Халық банкі» демеушілігімен «Халық әуені» жобасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында бастау алуы мәдениетке, руханиятқа деген құрметтің жарқын көрінісі екені анық. Қазақ өнерінің мәртебесін көтеріп, әсем ән мен сырлы саздан шашу шашып отырған «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ұжымына және барша мәдениет қызметкерлеріне аудан жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін. Еліміздің рухани дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін, -деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымына аудан жұртшылығы атынан шынайы ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің арнайы Алғыс хаты мен сый-сияпатын табыстады. Сонымен қатар ауданның рухани-мәдени дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мәдениет қызметкерлерін облыс және аудан әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапаттады. Бұдан бөлек, ауданның мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген сала ардагерлері мен үздіктеріне Қазалы ауданының Құрмет грамотасы және «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгілері табысталды. Мерекелік кешке арнайы келген мәдениет саласының ардагерлеріне сый-сияпаттар ұсынылды.

Кеш соңында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының ресми өкілі Ержан Алданазаров аудан жұртшылығы мен жергілікті әкімдік тарапынан көрсетілген құрметке алғысын жеткізді.

Мерекелік шарада «Astana Musical» мемлекеттік театрының өнерпаздары дәстүрлі халық әндері мен әлемдік өнер жауһарларын ұштастыра отырып, түрлі жанрдағы шығармаларды орындап, қазалылық көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Қазалыда жасөспірімдер қауіпсіздігіне бағытталған күшейтілген түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

Келесі мақала

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жол құрылысының сапасын бақылады

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі