• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Желіде мектеп басшысының мұғалімдерден ақша жинамақ болған видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданындағы мектептердің бірінің басшылығы мұғалімдерден ақша жинап жатыр деген ақпарат тарады,- деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі. 

16.10.2025
in Білім
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Желіде тараған видеода мектеп басшылығы мұғалімнен алдағы семинарды ұйымдастыруға көмектесуін өтінеді.

Әйел нақты қандай көмек керек екенін сұрағанда, әңгімелесуші әр мұғалімнен 2 мың теңгеден жинауды ұсынады және басқа мектептердің көпшілігі бұл ақшаны әлдеқашан тапсырып қойғанын айтады. Алайда әйел қаржылық жағдайына байланысты бұл іске атсалыса алмайтынын түсіндіреді.

Видео жарияланған соң өңірдің білім басқармасы тексеру жүргізді. Оқиға Талғар ауданындағы №8 мамандандырылған мектепте болған.

– Білім басқармасы әлеуметтік желілерде тараған «№8 мамандандырылған мектеп мұғалімдерінен ақша жиналып жатыр» деген ақпаратты тексерді. Ақша жинау туралы дерек расталмады. Алайда мектеп директоры әріптестеріне 2025 жылы 17 қазанда өтетін физика пәні мұғалімдеріне арналған семинарға баннер дайындауға және оқу роботын жалға алуға көмектесуді ұсынған, — делінген Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп директорына Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 64-бабы бойынша қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Еске салайық, бұған дейін мұғалімдер құқығы жиі бұзылатын 5 облыс белгілі болған еді.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіровтің айтуынша, Қостанай, Алматы, Абай, Жамбыл және Павлодар облыстарында әлі де бұзушылықтар болып жатыр. Олар көп жағдайда педагогке тән емес жұмыстарға тарту бойынша, педагогтердің ар-намысына тию, яғни балағаттау бойынша, концерт билеттерін сатып алуға және әртүрлі шараларға көрермен ретінде қатысуға мәжбүрлеу бойынша тіркелген.

kaz.inform.kz 

Фото: azh.kz

Алдыңғы мақала

20 жастағы жігіт сүйіктісін пышақтап өлтіріп, мәйітін зорлаған

Келесі мақала

Антына адал жас маманның қызметтігі бір күні

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі