• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Жол қауіпсіздігі – басты назарда

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде Жол қозғалысы қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылған кешенді профилактикалық іс-шара жоғары деңгейде өтті.

30.03.2026
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған шараның мақсаты – жеке құрам арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.

Іс-шара бөлім командирі подполковник, Жасұлан Беркеновтің жетекшілігімен ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің белсенді қатысуымен өтті. Өз сөзінде бөлім командирі жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың өміріне тікелей қатысты маңызды мәселе екенін атап өтті.
– Жол қозғалысы ережелерін сақтау – бұл тек заң талабы ғана емес, бұл – адам өмірін сақтау. Әскери қызметші әрдайым тәртіптің, жауапкершіліктің үлгісі болуы тиіс, – деді ол. Шараға бөлім командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, майор Есмұқан Тағабайұлы да қатысып, әскери техниканың техникалық жағдайына ерекше мән беру қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша, көлік құралдарының ақаусыз болуы – жол қауіпсіздігінің негізгі кепілі. Профилактикалықіс-шара барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдарын түсіндіру бағытында ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әскери қызметшілерге жолда туындайтын қауіпті жағдайлар, олардың себептері мен салдары нақты мысалдар арқылы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, теориялық және тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтау, жол белгілеріне бағыну, қауіпсіз арақашықтықты сақтау және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету бойынша нақты нұсқаулар берілді. Іс-шара аясында әскери бөлімдегі автокөліктер мен арнайы техникалардың техникалық жай-күйі тексеріліп, жүргізушілердің кәсіби даярлығы бағаланды. Бұл өз кезегінде қызмет барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Фатима Маратова — №5547 әскери бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшісі

Алдыңғы мақала

Қызылордада оқу орындары арасында есірткіге қарсы пантомима челлендж-байқауы өтті

Келесі мақала

Департамент жұмыстарының басты міндеттерінің бірі — қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі