• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Кәсіпкерлік – өңір дамуының тірегі» атты кәсіпкерлер форумы өтті

Бүгін Қазалыда аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Кәсіпкерлік – өңір дамуының тірегі» атты аудан кәсіпкерлерінің форумы өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

06.11.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Форумға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева, аудан прокуроры Дарын Әбіш, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық филиалының директоры Пірмұхаммед Сыздық және түрлі қаржы институттарының басшылары мен тиісті сала мамандары, орта және кіші кәсіпкерлік саласында белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпкерлер қатысты.

Форум жұмысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ашып беріп, өңірде кәсіпкерлік саласында қол жеткізген оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті.

Бұл форум – тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге, мемлекет пен бизнестің арасындағы диалогты нығайтуға үлкен жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында -«Отандық кәсіпкерлікті дамыту – ұлы мұрат. Егер отандық кәсіпкердің шаруасы дөңгеленіп, өнімдері ішкі нарықты қамтамасыз етсе, тауар бағасының арзандауына септігі тимек. Мемлекет бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасайды және жеке меншіктің толық қорғалуын қамтамасыз етеді» — деген болатын. Бүгінде киелі Сыр өңірінде, оның ішінде қазыналы Қазалы ауданында Президентіміз бен аймақ басшысының ерекше қолдауымен, кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін ауданда 5371 кәсіпкер тіркелген. 2025 жылдың 9 айында ауданда тамақтану орындары, мейрамханалар, сауда орындары, көлік жуу орны сынды жаңадан 27 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, онда 69 адам жұмыспен қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету бағытындағы кәсіп түрлерін ашу, негізінен өнім өңдеуге, өндіруге басымдық беру жұмыстары қолға алынып келеді. Әрине, бұл бағытта біздіңде ауданымызда үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұған байланысты аудан кәсіпкерлеріне аудан әкімдігі, облыстық салалық басқармалар тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетін болады, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Форумда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаева, аудан прокуроры Дарын Әбіш, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық филиалының директоры Пірмұхаммед Сыздық, Қызылорда облысы бойынша «ҚАЗАХИНВЕСТ» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік директоры Мұрат Балабаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының басшысы Айдос Жылқайдаров, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының директоры Талғат Матаев, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Руслан Досмаханов хабарлама жасады.

Салтанатты жиын барысында аудандағы белгілі кәсіпкер Әби Бибісара кәсіпкерлерге өз лебіздерін білдіріп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Форум барысында «ECO ENERGY LTD» жеке компаниясының басшылығы аудан әкімдігімен Қазалы ауданында «Автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салу» жобасын іске асыру бойынша және аймақтық брендке айналған «Қазалы сақар қара сабыны» тауарын ұзақ мерзімге пайдалану үшін ауданымыздың жеке кәсіпкері Руслан Булекбаев пен Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы «Юнисабад Медикал Орталығы» жеке клиникасының өкілі арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлері ұсыныс-пікірлерін білдіріп және салаға байланысты өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында ауданымыздың әлеуметтік-экономикасының дамуына үлес қосып жүрген белсенді кәсіпкер азаматтар облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Алдыңғы мақала

Коммуналдық салалардың жұмысы мен сұйытылған газ мәселесі бойынша мәжіліс өтті

Келесі мақала

Жаңа кезеңнің басталуы!

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі