• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Кісілік келбетімен көзге түскен қызметкер

Жан-жақты жайпамай-ақ жетістікке, талаймен тайталаспай тілекке жетуге болады. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің Режим және күзет бөлімінің ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы әділет сержанты Ақниет Қалмұратовтың да ұстанымы осы.

27.11.2025
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызметке орналасқан 2 жылында кәсіби білігін көрсетіп үлгерді. Кіріп-шығуды бақылау пунктіндегі (КПП) жұмысқа бейжай қарамай, әр әрекетті әкіреңдеусіз назарында ұстайды. Себебі, қатал қызмет пен қатқыл талаптың ортасында жүрсе де, қабағың шытып көрген емес.

– Қызметті таңның атысы мен күннің батысындағы жұмыс кестесі ғана деп білу – тар түсінік. Сондықтан, тәртіп пен қауіпсіздікке баса мән берумен қатар, әр адамға құрметпен қарауды да естен шығармаймын. Кәсіби міндетті лайықты атқарып, маған артылған сенімді сетінетпеймін. Осы салаға саналы ғұмырымды арнап, бейнетімнің зейнетін көргенімді – бақыт деп білер едім, — дейді А.Смайлұлы.

Ақиқатында, шын талантқа тұсау жоқ. Ақниет Қалмұратов өнер өлкесінде де құлашын кеңге жаюға қабілетті. Қоңыр домбыраны күмбірлете тартып, әнді де әдемі орындайды. Мекемеде өтетін мәдени іс-шараларда белсенділік танытып, онысын бұлдамайды да. Мұны қызметке шын кіріскен арда азаматтың ісі деп білеміз.

Бос уақытында ұлы Абайдың қара сөзіне қанығып, мұзбалақ ақын Мұқағалидың рухани мұрасына зейін қояды екен. Өнер мен өсиеттен нәр алған қызметкердің кең пайымы осыдан аңғарылады.

Бүгінде Ақниет Қалмұратов аяулы жары Гүлмирамен бірге 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

Алдыңғы мақала

Мекеменің кітап қоры толықты

Келесі мақала

Жер заңнамасы талаптары талқыланды

Оқи отырыңыз

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Өзекті жаңалықтар

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

0

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, заманауи панно жасау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар...

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі