• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Қоғамдық қауіпсіздік – басты назарда: Шиеліде ведомствоаралық мәжіліс өтті

Шиелі ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында маңызды ведомствоаралық мәжіліс өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.05.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде өткен жиын «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, «Шиелі – қауіпсіз аудан, жарқын болашақтың мекені» және «Саналы ұрпақ» жобалары шеңберінде өткізілді. Басқосуға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, аудандық полиция және білім бөлімдерінің басшылары, дербес бөлім жетекшілері, кент және ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиын барысында қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, отбасы мен білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында құқықтық тәртіпті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткендігі айтылды. Осы міндеттерге сәйкес Шиелі ауданында да қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кешенді шаралар қолға алынуда.

Алғаш болып сөз алған аудан прокурорының орынбасары Ғанибек Сағатов аудан көлемінде атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстарға тоқталып, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты күшейту қажеттігін жеткізді.

Өз кезегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Дауренбек Насибеков білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстары, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, ата-аналармен байланысты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Ол мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты күшейту – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты факторлардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Досым Әбуов қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Ол аудан аумағында жүргізіліп жатқан рейдтік шаралар, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды бақылау, профилактикалық түсіндіру жұмыстары және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндады.

Мәжіліс барысында қатысушылар тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – баршаға ортақ міндет екені ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері, ата-аналар және жергілікті қоғамдастық арасындағы бірлескен жұмысты күшейту қажеттігі сөз болды.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының басты кепілі екенін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында көшпелі отырыс өтті

Келесі мақала

Дағдарып қалмаудағы дамылсыз әрекет

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі