• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев төрағалық еткен әкімдік мәжілісі өтіп, Үкімет отырысының күн тәртібінде қаралған көктемгі егіс жұмыстарының барысы жан-жақты пысықталды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

11.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ел экономикасында ауыл шаруашылығы саласы аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Мемлекет тарапынан жыл сайын аграрлық саланы қолдауға қомақты қаржы бөлініп, ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Ауданда аталған сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек Жұбанов баяндама жасады.

Аудан әкімі соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымды екенін айтып, жоспарлы жұмыстарды әлі де кеңейте түсу қажеттігін атап өтті. Әсіресе егіс көлемін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар дала зиянкестерінен төнетін қауіптің алдын алу жөнінде жауапты бөлім басшылары мен бірқатар ауыл әкімдеріне тиісті шараларды қолға алу жөнінде тапсырма берді.

Ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзге де мәселелер мәжілісте басты назарға алынды. Көктемгі егіс жұмыстарына техникалардың әзірлігін пысықтау, кент және ауылдық округтерде көктемгі егін егу жұмыстарын жоспарға сәйкес толық орындау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы балық қорын өсіру мен молайту бағытындағы тың идеяларды жүзеге асыру жөнінде жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Жиында бұдан өзге аудандағы мал қорымдарының жай-күйі де сөз болды. Қазіргі таңда қала, кент және ауылдық округтерде 24 мал қорымы бар, оның 6-ы қарапайым жағдайда жұмыс істеп тұр. Аудан басшысы кейбір ауылдық округтердегі мал қорымдарының қазіргі жағдайы талапқа сай емес екенін айтып, тиісті талаптардың сақталмай отырғанын сынға алды.

Жағдайды назарға алған аудан әкімі қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне мал қорымдары салынатын аумақтардағы жер телімдерінің заң талаптарына сәйкес рәсімделуін және тиісті санитарлық талаптардың сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ мұндай олқылықтар қауіпті инфекциялардың таралуына себеп болуы мүмкін екенін айтып, аудан көлеміндегі сібір жарасы ошақтарының аумақтарын қоршау және өзге де тиісті талаптардың орындалуын бақылауда ұстауды міндеттеді.

Жиында республикалық Ауыл аманаты бағдарламасының орындалу деңгейі де талқыланды. Аудан әкімі мемлекет тарапынан ауыл халқының табысын арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар ескертулер айтылып, дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алудың маңызды екені атап өтілді.

Аманжол Сақыпұлы аудан көлеміндегі санитарлық тазалық мәселесі де тұрақты бақылауда болатынын айтып, бірқатар кемшіліктерге тоқталды. Тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет екенін жеткізіп, анықталған кемшіліктерді екі күн ішінде қалпына келтіру жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтып, жиын барысында көтерілген сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығару қажеттігін ескертті.

Алдыңғы мақала

Айгүл Иманбаева — «Жау алыстан келмейді»

Келесі мақала

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі