• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалы: мәжілісте еңбек қауіпсіздігі мәселесі қаралды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік шаралары туралы мәселе қаралды. Мәжіліске аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысып, мәжілістен кейін аймақ басшысының берген тапсырмаларына сәйкес аппарат мәжілісін өткізді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

02.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынды бастамас бұрын аудан басшысы ауданда орын алған кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті. Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Ықыласов Уәлихан Әуезханұлы – Қазалы қаласы әкімінің орынбасары болып, ал Қазалы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы – Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Аудан басшысы жаңадан тағайындалған кент пен қала әкімінің орынбасарларының жұмысына сәттілік тілеп, үлкен жауапкершілікпен қызмет атқаруды тапсырды.

Жиында аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселе бойынша еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Мәжілісте ұжымдық шарттардың жасалуы және цифрландырылуы, еңбек шарттарын бірыңғай жүйеге енгізу, өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау, жұмысшыларды міндетті сақтандыру, еңбек заңнамаларын түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланды.

Аудан әкімі коммуналдық, өндірістік және құрылыс салаларында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді және кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.

Еңбек саласындағы заң талаптарын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыстарды да күшейту қажеттігін ескертті.

Мәжілісте көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы да қаралды. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанында ауданға 93 азаматты әскерге жөнелту жоспарланса, бүгінгі күні 64 азамат әскерге жөнелтілді. Бұған байланысты аудан басшысы көрсеткіштерді әлі де өз деңгейінде орындамаған ауылдық округ әкімдеріне нақты мерзім беріп, салаға жауапты орынбасарына берілген тапсырманы орындауды үйлестіруді тапсырды.

Алдыңғы мақала

Қазалы: Т. Бөріқұлақов және Жетес би көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Келесі мақала

Облыс әкімі аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысын зейнетке шығарып салды

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі