• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 21 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Мекеме ұжымы қарттарға құрмет көрсетті

Ғұмыр жолында жұмыр жүректегі ізгілікті сөндірмей, азық боларлық ақылын аямайтын қарттардың қашан да орны бөлек. 1 - қазан Халықаралық қарттар күні қарсаңында ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері қазыналы қарттарға құрмет көрсетуді құп көрді. №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы ат басын бұрғаны содан, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

26.09.2025
in Құқық
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мекеме ұжымы “Қарттар – біздің асыл қазынамыз” тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік іс-шараның тізгінін жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспектор әділет капитаны Динара Шахи ұстады. Содан соң мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов және №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Раушан Ысқақова құттықтау сөз сөйлеп, үлкендерге алғаусыз алғысын білдірді.

Әрі қарай мерекелік мезетті әнмен әрлеп, көңіл қоңырауын қаққан Режим және күзет бөлімінің ақпарат және байланыс тобының бақылаушысы әділет кіші сержанты Ақниет Қалмұратов пен Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет сержанты Асылжан Әбдішүкір өнерін ортаға салды. Жиналған қарттар да арқа-жарқа болып, билеп, шат-шадыман күйге бөленді.

– Қазақ халқы қашан да үлкенін ардақтап, ақсақалды атасын, ақ жаулықты әжесін берекенің бастауы деп білген. Сондықтан, қартты қадірлеу — азаматтық міндетіміз. Аға буынға тағзым етіп, ақ батасын алатын ізгі дәстүрдің жалғасын үзбей, қарттарымызды қуантуға асықтық. Осылайша мекеме ұжымы жүрек жылуын өнермен
өріп, көңілдің шынайы сыйын ұсынғымыз келді, — дейді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов.

Іс-шара соңында қария батасын беріп, қызметкерлерге ризашылығын жеткізді. Мекеме ұжымы құр қол бармай, сый ретінде тұрмыстық техниканы тарту етті. Мұның бәрі қарттарға деген ыстық ықыластың нышаны.

Бұдан кейін де атаулы күндер назардан тыс қалмай, мәнді іс-шаралар өткізіле бермек.

Алдыңғы мақала

Тәртіптің төрт тағаны талданды

Келесі мақала

Рақымшылық – жаңа өмір бастауға мүмкіндік

Оқи отырыңыз

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
Экология

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
Денсаулық

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді
Құқық

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Спорт

Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Аралда «Жан қорғаны – дәрігер» атты мерекелік кеш өтті

Арал: Рейдтік топпен түсіндерме жұмыстары жүргізілді

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Облыс әкімі еңбегімен үлгі болған әкеге үш бөлмелі пәтер табыстады

Тәлім мен таным түйіскен тұс

Өзекті жаңалықтар

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
Экология

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

0

Сенбілік барысында аудан орталығындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңы, қоғамдық орындар және қала шетіндегі аумақтар, сондай-ақ...

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді

Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті

Аралда «Жан қорғаны – дәрігер» атты мерекелік кеш өтті

Аралда «Жан қорғаны – дәрігер» атты мерекелік кеш өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда
  • Аймақта «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті
  • Аралда кезекті рейд жұмыстары жүргізілді
  • Арал: мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
  • Аралда «Жан қорғаны – дәрігер» атты мерекелік кеш өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі