• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр, сондай-ақ кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорын, ұйым басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда заңдылықты сақтау мен әдеп қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы буын. Сондықтан әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарып, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс, – деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жиында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясындағы негізгі бағыттар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтің сервистік моделін қалыптастыру, кадрлық үдерістерді цифрландыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілер арасында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік тәртіпті күшейту, сондай-ақ қоғам тарапынан мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру мәселелері бойынша кеңінен мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметтік қарым-қатынасына және қоғаммен байланысына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет өткеру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелері де жан-жақты қамтылды.

Семинардан соң мемлекеттік қызметшілерден сауалнама алынып, азаматтармен жеке қабылдау өткізілді.

Айта кетейік, аудан әкімдігінен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелеріне қатысты Сарыкөл ауылдық округінде де кездесу мен жеке қабылдау өткізілді.

 

Алдыңғы мақала

Қазалы: Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде

Келесі мақала

Таза Қазақстан: Қазалы ауданында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі