• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Облыста “Отбасы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Елімізде алғаш рет ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшесі құрылды.

16.06.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бөлімшенің басты ерекшелігі – мұндадағы қызметкерлердің басым бөлігі әйел адамдардан құралған. Бастама өз кезегінде зардап шегушілердің әйел қызметкерлерге оқиғаның мән-жайын ұялмай ашып айтуына, яғни сенім факторына ықпал етеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілі Ләйлә Туысбаева айтты.

– Биылғы жылдың сәуір айында облыс әкімінің қолдауымен бөлімге бөлек ғимарат беріліп, отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды азайтып, отбасын сақтап қалу мақсатында отбасы мүшелеріне психологиялық әлеуметтік, құқықтық тегін кешенді көмек көрсету. Әйелдер мен балаларға қатысты жасалатын қылмыстың санын азайту және жәбірленушілердің полицияға деген сенімін арттыру, сонымен қатар полиция заң аясында қолдауға, қорғауға әрқашанда дайын екенін түсіндіру. Орталық 10 кабинетпен жабдықталған. Оның ішінде тергеу, ювеналды полиция, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы, сот орындаушылар, заңгер, психолог, теолог, еріктілер, медиатор және әлеуметтік қызметкерлер бар. Бұл жерде тек отбасылық – тұрмыстық саласындағы мәселе ғана емес, сонымен қатар алимент өндіру, дін аралық қарама-қайшылықтар да шешімін табады. Бөлімше мамандары жәбірленушілерді қорғап қана қоймай, құқық бұзушыларды қайта әлеуметтендірумен де айналысады. Агрессорларға мәжбүрлеп психологиялық көмек көрсету жүйесі және әлеуетті құқық бұзушылармен жұмыс енгізілді. Айта кету керек, жыл басынан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштер саны 42,2 пайызға қысқарды, бұл қорғау шараларының тиімділігінің артқанын көрсетеді. Сондай-ақ, 5-15 маусым аралығында облыс көлемінде “Отбасы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған 467 адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді,- деді Ләйлә Бектұрғанқызы

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы мақала

SOUNDTRACK CONCERT: Облыстық филармонияның маусымдық жабылу концерті өтті

Келесі мақала

Облыс әкімі өңірдегі санитарлық тазалық пен құрылыс жұмыстарын талқылады

Оқи отырыңыз

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

Өзекті жаңалықтар

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

0

Мемлекет тарапынан отандық өндірісті дамытуға, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға және Қазақстандық өнімдердің нарықтағы үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде....

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі