• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Дарынды оқушылар мен ұстаздарға құрмет көрсетілді

Бүгін Шиелі аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков республикалық және облыстық пән олимпиадалары мен түрлі білім байқауларында топ жарып, аудан мерейін асқақтатқан дарынды оқушыларды, білім гранттарының иегерлерін және олардың жетекші ұстаздарын арнайы қабылдап, марапаттады, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

27.05.2026
in Білім
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты жиында аудан басшысы жас жеткіншектердің білім жолындағы табандылығы мен ұстаздардың қажырлы еңбегіне жоғары баға беріп, бұл жетістіктер ауданның білім саласындағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі екенін атап өтті.

– “Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Сіздердің жетістіктеріңіз тек ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, барша аудан жұртшылығының мақтанышы. Осындай биік белестерді бағындырып, ел сенімін ақтай беріңіздер,” – деді аудан әкімі.

Кездесу барысында үздік оқушылар мен жас түлектер аудан әкімдігіне өз алғыстарын білдіріп, еркін форматта пікір алмасты. Сонымен қатар, аудан әкімінің қабылдауында болып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық әңгіме өрбітті. Жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан басшысы олардың бастамаларына әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, биыл аудан бойынша 1118 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасып, оның 938-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан. Сонымен қатар, 93 оқушы «Алтын белгіге», 108 бітіруші «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр.

Қазіргі таңда Шиелі ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды. Ауданда үш ауысымдық әрі апатты жағдайдағы білім беру ұйымдары жоқ. Бұл — білім саласына көрсетіліп отырған тұрақты қолдау мен жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Дарынды жастар қатарында аудан мақтанышына айналған №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің егіз түлектері – Алтынсары Кәусар мен Алтынсары Гауһардың жетістігі ерекше аталды. Білім мен табандылықты серік еткен қос шәкірт Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.

Жиын соңында аудан әкімі дарынды оқушылар мен ұстаздарға арнайы алғыс айтып, алдағы оқу мен еңбек жолдарына сәттілік тіледі.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Оқу жылының қорытындысы мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Келесі мақала

«Жылдам ойлау — жарқын болашақ кепілі!» — Қызылорда облысында спидкубингтен ашық жарыс өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі