• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 13 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Оқу жылының қорытындысы мен жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының қорытындысы және білім алушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына маңызды тапсырмалар жүктеді,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

26.05.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биылғы оқу жылын аймақтағы 320 мектепте 189 288 оқушы аяқтады, 10 мыңнан астам жас түлек мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Олардың ішінде 987 оқушы «Алтын белгіге», 1141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. 10 мамыр – 10 шілде аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеудің шешуші кезеңіне 9 250 оқушы қатысады.

«Күні кеше облыстағы барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шаралар өз деңгейінде өтті. Енді аттестат табыстау шарасы бар. Бірінші кезекте жас түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Білім басқармасына полиция департаментімен, құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, аттестат табыстау шарасында және жазғы каникул кезінде кезекшілік, рейд ұйымдастыруды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырамын.

Жазғы тынығу лагерьлері 1 маусымнан өз жұмысын бастайды. Дайындық жұмыстары алдын ала зерделенгенде анықталған кемшіліктерді жауапты сала басшылары 30 мамырға дейін жөнге келтіруі тиіс.

Жақында Президент паркінің аумағында жыл он екі ай жұмыс істейтін 300 орындық «Ай-Керім» оқу-сауықтыру орталығы ашылды. Онда азаматтық-патриоттық, рухани-мәдени құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізу керек.

Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен салынған «Сыр жұлдыздары» академиясы, «Құзыреттілік орталығы», «Оқушылар сарайы», «Теннис орталығы», облыстық тарихи-өлкетану музейінің әлеуетін барынша пайдалануымыз қажет. Жаңа нысандардың барлығы жыл бойы балаларымыздың игілігі үшін қызмет етуі тиіс», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Сондай-ақ, жиында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын жалғастыру, стихиялық қоқыс орындарын жою, су тапшылығының алдын алу және су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалану, республикалық маңызы бар жолдар, әуежай, теміржол және автовокзалдардың жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуі мен тазалығына қатысты мәселелер талқыланып, тиісті сала басшыларына, қала және аудан әкімдіктеріне нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілісте облыс әкімі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалының директоры қызметін атқарған Ербол Сәулебековті жаңа қызметке ауысуымен құттықтап, оған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

 

Алдыңғы мақала

Мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Келесі мақала

Аралда түнгі рейдтік іс-шаралар өтуде

Оқи отырыңыз

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

0

Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің...

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі