• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 28 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Жанқожа батыр ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр ауылында ауылдық елді мекендерде ерікті өрт сөндіру жүйесін нығайту мақсатындағы «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.06.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жаңа бекеттің ашылу рәсіміне Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов және азаматтық қорғау саласының қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Шарада ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынып жатқан бекеттер жайында және саланың дамуына көрсетіліп жатқан қолдаулар жайында айтып өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы ауыл тұрғындарын жаңа бекеттің ашылуымен құттықтап, төтенше жағдайлардың алдын алудағы, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өрт сөндіру бекеттерінің маңыздылығына тоқталды.

— «Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкіметтің тапсырмасымен азаматтық қорғау саласын жетілдіруге, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейтуге, материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін арттыруға айрықша басымдық берілуде. Бүгін міне, Арал мен Қазалының Қамыстыбас, Жанқожа батыр ауылдарында өрт сөндіру пункттерін ашудамыз. Жалпы төтенше жағдайдың алдын алып, адам өмірін құтқару – жоғары әрі жауапты миссия. Елдің амандығы, қоғамның тыныштығы үшін өз өмірін қатерге тігу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Осы салада аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге барша Сыр жұртшылығының атынан зор алғысымды білдіремін! Бүгінгі жаңадан табыстағалы тұрған заманауи техникалар ел игілігіне қызмет ете берсін», — деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы.

Мұнан соң ауыл ақсақалы Қожас Медеубаев ауыл халқының игілігі үшін жасалып жұмыстарға алғысын жеткізіп, батасын берді.

Өрт сөндіру бекетінің ашылу рәсімінде ауылдың өсіп-өркендеуі мен өрт сөндіру бекетінің ашылуына атсалысқан және салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Грамотасы мен Алғысы және облыс әкімінің Алғыс хатымен марпатталды.

Марапаттау рәсімінен кейін қонақтар мен ауыл тұрғындары жаңа өрт сөндіру бекетінің ішін аралап көріп, техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Ғимарат барлық қажетті құрал — жабдықтармен, оның ішінде 1 дана жаңа өрт сөндіру көлігімен, қызметкерлердің жатын және асхана бөлмесімен толық қамтамасыз етілген. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы негізінде Жанқожа батыр ауылындағы ашылған жаңа бекет көршілес Ақтан батыр ауылы мен бірқатар елді мекендерді, жалпы 3000-нан астам тұрғындарды өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Қазалы ауданында Төтенше жағдай саласында бұған дейін де ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Өткен жылы желтоқсан айында «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында Ақсуат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Соңғы 2 жылда ауданға қарасты Қызылқұм, Майдакөл және Аранды ауылдық округтеріне өрт сөндіруші 3 техника табысталса, аудан орталығындағы өрт сөндіру мекемесінің 3 техникасы жаңартылды. Бүгінде елді мекендер бойынша Қызылқұм, Аранды, Майдакөл ауылдық округтері арнайы өрт сөндіру автокөліктерімен қамтылған. Жыл басынан бері ауданымызда 13 өрт оқиғасы орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 өрт оқиғасына азайған. Орын алған оқиға орындарына құтқарушылардың дер кезінде жетіп, нәтижелі жұмыс атқаруынан ешқандай қайғылы жағдайлар орын алмаған. Өрт оқиғаларынан 10 тұрғын үй мен басқа да нысандар құтқарылған. Ал «Ауыл құтақарушысы» бағдарламасы аясында ауданда ашылған өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 1 өрт және 10 жану оқиғасына қатысқан.

 

Алдыңғы мақала

Қазалы: Жанқожа батыр ауылында «Ауыл құтқарушысы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекеті ашылды

Келесі мақала

Қазалы: Аудан әкімі Қарақұм беткейдегі Шәкен ауылына барды

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
Қоғам

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Аудан әкімі өзекті мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі