• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 5 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Отбасы күніне орай алтын той иелеріне құрмет көрсетілді

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні мерекесі аталып өтіледі, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

17.09.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Осыған орай, аудан әкімнің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев пен аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов және аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Лига Наурызбаева Әйтеке би кентінде тұратын шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған Алтын той иелерінің шаңырағына барып, мерейлі мерейтойларымен құттықтады.

Алдымен берекелі ғұмырларымен елгі үлгі болған Бақытбек пен Күлай Қошқаровтардың шаңырағына барды. Әулет ардақтысы Бақытбек аға мен жұбайы Күлай анамыздың бақытты отбасының іргетасын бірге қалағандарына – 50 жыл.
Олар салиқалы ұрпақ тәрбиелеп, еткен еңбегі, көркем мінезімен өзгеге өнеге боларлық үлкен әулет иелері. Отағасы Бақытбек аға – ұзақ жылдар бойы ауыр еңбектен қаймықпай, КамАЗ тізгіндеп, ел игілігіне адал қызмет еткен еңбек адамы. Ал Күлай ана – сан мың жанға шипа дарытқан ақ халатты абзал жан. Медбике ретінде талай адамның алғысына бөленіп, зейнетке шыққан қадірлі ана. Бүгінде үлгілі отбасы атанып, 5 баладан өрбіген 10 немеренің қызығына бөленіп отырған ардақты жандар – көпке үлгі, кейінгі ұрпаққа – өнеге.

Мұнан кейін Болат пен Қуаныш Асаубаевтардың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Отағасы Болат Асаубаев құрылыс саласында еңбек етіп, бүгінде адал еңбектің зейнетіне жетіп отыр. Ал, Қуаныш апамыз өмір бойы мектепте жоғары санатты, білімді де білікті ұстаз болумен қатар жанұяда 9 бала тәрбиелеп, барлығына жоғары білім алып берген «Алтын алқа» иегері атанған Батыр ана. Берекелі отбасы бұл күнде дүниеге 4 қыз бен 5 ұлды әкелген, оларға өнегелі тәрбие беріп, осы 9 перзентін де өз тұғырларына қондырып отырған алып та мәуелі бәйтерек иелері.

Шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған берекелі отбасы иелеріне аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев мерейтойлық құттықтауын табыстап, отасқандарына 50 жыл толуына орай неке куәлігі табыстады. Сондай-ақ қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, камзол киігізіп құрмет көрсетті.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері Астана төріндегі жәрмеңкеде

Келесі мақала

Қазалылық Зарина Толыбай халықаралық турнирде чемпион атанды

Оқи отырыңыз

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
Қоғам

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Өзекті жаңалықтар

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
Құқық

«Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті

0

Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, заманауи панно жасау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар...

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Ұлттық нақыш – заманауи панно» атты шеберлік сағаты өтті
  • Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары күшейтілуде
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі