• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Өтемақы талап етеді. Қызылордада мектеп жұмысшысының үстіне кірпіш құлап, мүгедек болып қалған

Қармақшы ауданында тұратын 52 жастағы Нұрлан Ерғонтаев білім ұясында техникалық қызметкер болып жұмыс істеген. Ол екі рет еңбек жарақатын алып, қазір аяғынан нық басып тұра алмайтын хәлге түскен. Атпалдай азамат пен оның күтімін жасап отырған жұбайының арызын PostScript.kz ақпараттық агенттігінің тілшілері тыңдап келді.

15.07.2025
in Білім, Жұрт не дейді?, Оқиғалар
0
533
SHARES
1.5k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

Жамбас сүйегіндегі жарақаттың кесірінен аяғынан нық тұра алмайтын Нұрлан Ерғонтаев қазір амалсыз төрт қабырғаға қамалып отыр. Ол 19 жыл бойы мектептің отымен кіріп, күлімен шығып жұмыс істедім дейді. Ал енді еңбек жарақатын алған соң басшылар керек етпей, далада қалдырды деп қынжылады.

“Жамбас сүйегі жоқ. Орнына дәрігерлер протез салып берген. Сол сүйекті ұстап тұру үшін. Бұған дейін арбаға таңылып отыратын”,- дейді жігіт ағасының әйелі Айнүр Тоқсанбаева.
52 жастағы жігіт ағасы №121 білім ұясында техникалық қызметкер болып істеген. Осыдан 7 жыл бұрын мектептің әжетханасын жөндеу барысында үстіме қабырғаның кірпіштері құлап, ауыр хәлде ауруханаға түстім дейді. Бірақ кейін балаларының қамы үшін сол мектептегі қызметін қайта жалғастырыпты. Ал былтыр ғимараттың жылу қазандығында жүріп тағы жарақат алған. Содан бері жұмысқа жарамсыз болып қалған азаматқа мектеп ұжымы тиісті өтемақыны бермей келеді дейді Нұрлан Ерғонтаевтың әйелі.

“40 пайыздық өтемақыны төлесін деген ниетпен ізденіп жатырмын. Өйткені құзырлы органдардан сондай қортынды келген. Бірақ мектеп тарапынан әлі күнге тиесілі көмек берілмеді. Бұл кісінің екінші құлаған соң отадан кейін әлі де қиын. Балдақпен енді жүріп жатыр. Маған 8 баланы асырау өте қиын”, -дейді Айнұр Тоқсанбаева.

Келіншектің айтуынша еңбек инспекциясының өкілдері Нұрлан Ерғонтаевтың мүгедек болып қалуына себеп екі оқиғаға да мектеп басшыларының кінәсі бар деген. Яғни жауаптылар жұмысшының техникалық қауіпсізідігіне бей-жәй қараған. Оның үстіне еңбек жарақатына байланысты өтемақы төленуі тиіс депті.

Ал білім ұясының директоры төлем бойынша прокуратурамен кеңесіп жатырмыз дейді.

“Бұл жерде 40 пайыз ақша төленсін деген сөз жоқ. Тек жұмысқа жарамсыз деген сөз тұр дедім. Менің қағазымды прокуратура көріп жатыр. Заңдылығын көретін шығар. Бұл кісіден алған құжаттар бар ғой, негізгісін алып қалдым да қалғанын өткіздім прокуратураға”, — дейді №121 орта мектептің директоры Мұхтар Жұматаев.

PS. Атпалдай азамат балдаққа сүйеніп қалғандықтан, көпбалалы отбасы Айнұр Тоқсанбаеваның аз-маз табысымен күнелтіп келеді. Келіншек те дәл осы білім ұясында еден жуушы болып жұмыс істейді екен. Қазір қажетімізге қолымыз жетпей әбден титықтадық деген жандар сотқа жүгінбеске амалымыз қалмады дейді.

Алдыңғы мақала

Журналист Дана Нұржігіт — «Шаш та ағарды, жүйке де жұқарды, денсаулық бұрынғыдай емес»

Келесі мақала

Бюджеттің игерілуі және әлеуметтік инфрақұрылым сапасы бақылауда

Оқи отырыңыз

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Экология

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
Бизнес

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Қызылордада 9 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Өзекті жаңалықтар

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

0

Құрылтай елдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстар мен бастамаларды қарастыратын қоғамдық алаң ретінде маңызды рөл...

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
  • Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде
  • Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі