• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті

Қамыстыбас ауылдық округінде «GLOCAL – Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергіліктендіруін алға тарту жаһандық әрекет» жобасы аясында ауқымды іс-шаралар легі өтті ,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

29.04.2026
in Қоғам
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Еуропалық Одақ делегациясының сапары барысында жергілікті бастамалар таныстырылып, ауылдық деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелері көрсетілді.

Сапар аясында делегация мүшелері Қамбаш аумағында болып, жоба қатысушыларымен кездесіп, олардың тәжірибелерімен танысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев сөз сөйлеп, Қамыстыбас ауылында жүзеге асып жатқан жобалардың маңызын атап өтіп, халықаралық серіктестер мен белсенді тұрғындарға алғыс білдірді. Ал ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жобаның аралық нәтижелерін ұсынды. Сонымен қатар, қаржылық қолдау алған үш жергілікті ұйым өз бастамаларын таныстырып, GLOCAL жобасының мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.

Маңызды жаңалықтардың бірі — Қамыстыбас ауылдық округінде Қазақстандағы алғашқы ауылдық SDG Hub-тың ашылуы болды. Бұл алаң мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасындағы тиімді диалогты дамытып, бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Хаб қызметі сапалы білім, гендерлік теңдік, таза су мен санитария, тұрақты елді мекендер, жауапты тұтыну және теңіз экожүйелерін сақтау бағыттарына негізделген. Бұл бастама жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейтіп, қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған.

Сапар барысында делегация «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауылды көгалдандыру жобасына қатысты. Экологиялық акция кезінде 500 түп ағаш отырғызылып, тамшылатып суару жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама ауылдың экологиялық жағдайын жақсартып, тұрғындарды табиғатты қорғауға жұмылдыруға бағытталған.

Сонымен қатар, Қамбаш көлінің жағалауында экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылды. Аймақтың маңызды табиғи нысаны саналатын көл бүгінде антропогендік әсердің салдарынан ластану, су сапасының төмендеуі және балық қорының азаю қаупі сияқты мәселелерге тап болып отыр. Акцияның басты мақсаты — қоғам назарын экологиялық проблемаларға аудару және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Аталған шараны «Жас кәсіпкерлер қоғамы» жастар ұйымы жүзеге асырды.

Жоба аясында қаржылық қолдау алушыларға арналған «Жобаны басқару және есептілік» тақырыбында оқыту семинары да өтті. Қатысушылар жобалық менеджмент, стратегиялық жоспарлау және есептілік жүргізу бойынша білімдерін жетілдіріп, өз ұйымдарының әлеуетін арттыруға мүмкіндік алды.

Жалпы, GLOCAL жобасы жергілікті бастамаларды қолдап, тұрғындарды белсенді тарту арқылы ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына серпін беруде. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.

 

 

Алдыңғы мақала

«Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда

Келесі мақала

Сырдария: әлеуметтік нысандардың санитарлық тазалығы басты назарда

Оқи отырыңыз

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
Құқық

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Әлеумет және экономика

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
Қоғам

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

Пернедегі әуен һәм қызметтегі пәрмен

Өзекті жаңалықтар

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

0

Байыппен жеткізілген ой көптің көңіліне қонады. Басқосу барысында осы ұстанымға басымдық беріліп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары,...

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Конституция: құқықтық ойдың өзегі
  • Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
  • Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
  • Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі