• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 13 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Қазалы ауданында медицина қызметкерлері құрметке бөленді

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында салтанатты шара өткізіліп, аудандағы бірқатар дәрігерлер қауымы құрмет төрінен көрінді.

16.06.2025
in Денсаулық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазалы аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, зиялы қауым өкілдері және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Салтанатты шарада аудан әкімі сахна төріне көтеріліп, абзал жандарды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан аудандағы денсаулық сақтау саласындағы оң нәтижелі жұмыстар жайында айтып өтті. Аудан басшысынан кейін, шараға арнайы келіп қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік шарада аудан медицинасының дамуына сүбелі үлес қосып, салада табысты еңбек еткен бірқатар дәрігерлер мен сала ардагерлері түрлі марапатқа ие болды. Атап айтқанда — Қазалы ауданаралық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Медетбаева мен аудандық аурухананың бас мейіркеші Масаты Мұрат «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің Үздігі» құрметті төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», облыс әкімі мен аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Алғыс хаттары» табысталды.

P/S Мерекелік іс-шарада дәрігерлер әріптестеріне деген жүрекжарды тілегін әнмен жеткізсе, ал, аудан өнерпаздары медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап ән шырқап, мерекелік ерекше көңіл-күй сыйлады.

Алдыңғы мақала

Қызылордада этномедиация мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Электр самокаттарына қатысты өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылды

Оқи отырыңыз

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
Әлеумет және экономика

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қоғам

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
Білім

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

Айгүл Иманбаева — «Жау алыстан келмейді»

Аудан орталығында «Yerbol» тіс емханасы ашылды

Облыс әкімі құрылыс нысандарын аралады

Өзекті жаңалықтар

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
Әлеумет және экономика

Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде

0

Ауданда биыл 41 758 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде күріш – 16 800 га,...

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

«Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

“Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағашта су үнемдеу технологияларына басымдық берілуде
  • Жаңақорғанда егін жұмыстарының жай-жапсары талқыланды
  • Жаңақорғанда ұлы жеңіс күні тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
  • «Моргке апарып тастаған». Бірінші курс студенті әлімжеттіктен көз жұмған
  • “Ана мен балаға өмір сыйлайық!”: Қан донорлығы акциясы бастау алды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі