• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы ауданының әкімі Ақтан Және Жанқожа батыр ауылдарының халқымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қос батыр атындағы Ақтан және Жанқожа батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

03.06.2026
in Қоғам
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кездесу барысында аудан басшысы алдымен елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларға тоқталып, өңірімізде облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың басшылығымен бүгінгі таңда қолға алынып жатқан жобалар туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ аудан көлемінде халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен әр саладағы жетістіктерді атап өтті.

Аудан әкімі бүгінде бюджет қаражаты есебінен көптеген маңызды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, ең ауқымды жобалардың бірі — Қарлан көпірінің, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү. Түктібаев ауылдарында орамішілік газ желілерін тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын, өткен жылы аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ биыл Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, жуық арада ел игілігіне берілетінін жеткізді. Облыс көлемінде биыл 10 ауылға газ желісі жүргізіліп жатса, соның 4-еуі біздің ауданға тиесілі екенін атап өтті.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, сондай-ақ Жаңа Конституцияға арналған республикалық референдумда аудан халқы көрсеткен ауызбіршілік жайында сөз қозғады. Аудан әкімі алдағы реформалардың ел дамуына серпін беретінін айтып, тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуға шақырды.

Кездесу соңында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтқанда, Семей сынақ полигонында әскери борышын өтеген азаматтарды қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, спорт кешендері мен балабақша салу мәселелері көтерілді.

Аудан басшысы кәсіпкерлер жеке балабақша ашуға ниет білдірсе, қажетті жер телімдері заң талаптарына сәйкес берілетінін және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Бұдан бөлек, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру, Жанқожа батыр ауылындағы электр желілерін жаңғырту, ауылындардағы бірқатар көшелерді жөндеу мәселелері де сөз болды. Жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру бойынша «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің басшысына ауылдық округ әкімдерімен және ауыл шаруашлығы бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындар көтерген мәселе бойынша жұмыс жасауды тапсырды. Ал, электр желілерін жаңғырту бойынша Жанқожа батыр ауылында ауылішілік электр желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар алдағы уақытта жоспарланып отырғанын жеткізді.

Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған басқа да ұсыныс-пікірлерді назарға алып, заңға сәйкес жауап берді.

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы «China State Construction Engineering Corporation» компаниясының өкілдерімен кездесті

Келесі мақала

Сырдария: сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі